Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор Ерболат Мұқаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясының құрамында Әзербайжанда өтіп жатқан Президент сайлауына қатысты

11.04.2018 0

Сенатор Ерболат Мұқаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясының құрамында Әзербайжанда өтіп жатқан Президент сайлауына қатысты

 

Қазақстан сенаторлары Әзербайжан Президентін сайлауға қатысуда

 

11 сәуір 2018 ж.

Қазақстан Парламенті Сенатының бір топ депутаттары бүгін Әзербайжанда өтіп жатқан президент сайлауына мониторинг жүргізуге қатысуда.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясының құрамына сенаторлар Дәурен Әділбеков пен Ерболат Мұқаев енген болатын.

Депутаттар Мұрат Бақтиярұлы мен Манап Көбенов ЕҚЫҰ сайлау үдерістеріне Парламенттік Ассамблеяның атынан барды.

Әзербайжан Милли Меджлисінің шақыруы бойынша Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев та сайлауды байқауға қатысуда.

Сенатор Мұратбай Жолдасбаев әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында азаматтардың көптеп келгені мен дауыс беру үдерістерінде тәртіп бұзушылықтың болмағанын атап өтті. «Сайлаушылардың белсенділігі ерекше назар аударады. Біз болған учаскелерде ешқандай жағымсыз жағдайлар болған жоқ. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Атап айтқанда, веб-камераның орнатылуы дауыс берудің ашық өтуіне жағдай жасайды», - деді М. Жолдасбаев.

Сенаторлар Бакуде және елдің түрлі аумақтарында орналасқан сайлау учаскелерінде болуды жоспарлап отыр.


Ақпарат көзі:
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/35861

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

 

 

 

Бөлісу