Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Мұқашев
Төлеубек
Төлеуұлы

Алматы қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

1950 жылы 25 сәуірде туған, қазақ. Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Сурет салу және сызу мұғалімі, экономист.

Еңбек жолын «Балхашпромстрой» трестінде жұмысшы-монтаждаушы болып бастады. КЛЖО ОК жолсеріктерінің Алматы қалалық студенттер жасағын басқарды, Қазақ қыздар педагогикалық институтының оқытушысы, Алматы қаласы кәсіподақ бірлестігінің төрағасы, Алматы темір жол партия комитетінің хатшысы, Алматы қаласы «Алматықалабезендіру» АҚ Президенті, Алматы қалалық мәслихатының II-V шақырылымдарының хатшысы болып қызмет істеген.

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі Республикалық комиссияның мүшесі.

«Парасат» орденімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Алматы қаласының құрметті азаматы» құрметті атағымен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.