Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

15.10.2019 0


    

          Депутат Т. Т. Мұқашев осы ратификацияға қосымша баяндама жасады.

        Қаралып отырған Заң жобасы 2018 жылғы 1 маусымда Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің отырысында,  ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тарапынан – Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ, Әзербайжан Республикасы мен Арменияның, бірақ соңғы екі республиканың арасындағы ерекше пікірмен,  яғни осы Келісімде жазылған ешбір құқықтарды, міндеттер мен ережелерді қолданбау туралы  ескертпесімен қол қойылды.

           Осы Заң жобасын ратификациялау жоғарыда аталған елдердің кеден органдары арасында өз бастамасы бойынша немесе кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ, орталық аппарат пен аумақтық деңгейде кеден заңнамасын бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

           Ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысына сәйкес нақты процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру шегін бекіту мен сұрауды орындауды мерзімі бойынша және өзінің құзіреті шеңберінде шектеу арқылы кеден заңнамасының сақталуын тексерудің тиімді тетігін бекітеді.

          Аталған Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Бөлісу