Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

21.11.2019 0
  

       Сенат отырысында «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қолдау үшін Муқашев Т.Т. сөз сөіледә:

 


         "Қаралып жатқан «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы екі мемлекет   арасындағы мемлекеттік шекарасы арқылы, жалпы саны 11 автомобиль және бір теміржол жолын  құрайтын өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастыру үшін өте маңызды.

          Баяндамашы атап өткендей, Хаттаманы ратификациялау екіжақты «Сартөбе» және «Аухатты» автомобиль өткізу пункттерінің мәртебесін  көпжақты етіп өзгертуге бағытталған, яғни  көпжақты өткізу пункттерінің жүктемесін жеңілдету арқылы адам қозғалысы мен автокөлік кептелістеріне байланысты проблемаларды шешуге көмектеседі, жалпы алғанда,  қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасының транзиттік мүмкіндіктерін арттырады.

        Сондай-ақ, транзиттік-көліктік әлеуетті жақсартуға ғана емес, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған экономикалық аспектіні де елеусіз қалдыруға болмайды. Бұл Орталық Азиядағы мемлекеттердің тауар айналымына оң әсерін тигізеді, мысалы, қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған жеті  өткізу пунктерінен жылына шамамен 11 млн. адам және 466 мың автокөлік өтеді. 2018 жылмен салыстырғанда, биылғы жылы екі ел арасындағы тек автомобиль  көлігімен жүк тасымалдау көлемі 43 пайызға артып, 1,7 миллион тоннаны құрады.

         Бұған Қазақстан мен Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрліктері деңгейінде өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешектегі өзара қарым-қатынастарының перспективалары талқыланған  қырғыз-қазақстандық СІМаралық консультациялар дәлел бола алады.

          Осы Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын".

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу