Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы»

26.11.2019 0

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы депутат Т. Т. Мұқашевтың сөзі:

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2018 жылы 6 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылды.

         Осы Келісімге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Ресей Федерациясының Орталық банкін қоса алғанда, жоғарыда аталған барлық республикалардың ұлттық банктері кіреді.

Негізгі мақсат - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы қаржы нарығын құру, қызмет көрсету секторларында (банк секторында, сақтандыру секторында, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтер секторында) қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды өзара тануды және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету.

         Осы Келісімді кезең-кезеңмен іске асыру азаматтар мен компаниялар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, қаржы саласының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Заңнаманы үйлестіре отырып, отандық компаниялар өз тарапынан Еуразиялық экономикалық одақтың барлық кеңістігінде клиенттерге қол жеткізе алады, бұл өз кезегінде нарықта бәсекелестікті күшейте отырып, жаңа сақтандыру өнімдерін енгізуге, қызметтер мен сервистің сапасын арттыруға, сондай-ақ қызметтердің кейбір түрлеріне бағаның төмендеуіне ықпал етеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қаралып отырған заң жобасын қолдауды ұсынамын.

 

 

 

 

 

Бөлісу