Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаян

Мұсабаев
Талғат
Амангелдіұлы

МҰСАБАЕВ ТАЛҒАТ АМАНГЕЛДІҰЛЫ, 1951 жылғы 7 қаңтарда Қазақ КСР (Қазақстан Республикасы) Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы кентінде дүниеге келген.

1974 жылы «Авиация радиожабдығын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша Лениншіл комсомол атындағы Рига Қызыл Ту азаматтық авиация инженерлерінің институтын аяқтады.

1984 жылы Алматы ӘАФЖЕҚ аэроклубындағы оқуын аяқтады. Ең жоғарғы пилотаж (ұшақ спорты) бойынша КСРО спорт шебері болған бірінші қазақ.

1986 жылы азаматтық авиациясының 30-ы оқу-жаттығу жасағында даярлығын аяқтады және КСРО Азаматтық авиация министрлігі Жоғары біліктілік комиссиясының шешімімен азаматтық авиация ұшқышы куәлігін алды.

1989 жылы Ульянов ЭӨК мүше елдердің азаматтық авиациясы ұшу, диспетчерлік және инженерлік-техникалық құрамын даярлау орталығында (ұшқыш мамандығы бойынша) оқуын аяқтады.

1993 жылы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшу училищесін аяқтады, ұшқыш-инженер дипломын алды.

1974 жылғы 1 сәуір мен 1990 жылғы мамыр аралығында азаматтық авиацияда инженерлік, ұшу және командалық лауазымдарда болды.

1990 жылғы 11 мамыр аралығында КСРО Мемлекеттік ведомствоаралық комиссия (МВАК) шешімімен КСРО Азаматтық авиация министрлігінен жалпы ғарыштық даярлау курсы бойынша ғарышкерлерді даярлау орталығына (ҒДО) оқуға ұсынылды.

1990 жылғы қазан – 1991 жылғы мамыр аралығында ҒДО-да жалпы ғарыштық дайындық.

1991 жылғы 6 наурыз КСРО қорғаныс министрінің бұйрығымен міндетті әскери қызметке шақырылды және ҒДО ғарышкерлер жасағының (Гагарин ғарышкерлер жасағы) 4-тобына зерттеуші-ғарышкерлерге кандидат болып алынды.

1991 жылғы 20 мамыр – 10 шілде аралығында қазақстандық бағдарламасы бойынша қосарлаушы экипаждың зерттеуші ғарышкері ретінде «Мир» орбиталық кешеніне бару экспедициясымен ұшуға даярлықтан өтті.

1995 жылғы 29 сәуірден бастап ғарышкерлер жасағының нұсқаушы сынақшы - ғарышкері

1991 жылғы 17 шілде – 13 қыркүйек аралығында ЭО-10/»Аустромир-91» негізгі экспедициясының бағдарламасы бойынша екінші экипаж құрамында бірінші зерттеуші – ғарышкер ретінде даярлықтан өтті.

1991 жылғы 2 қазан «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің зерттеуші-ғарышкерінің қосарлаушысы болды.

1991-1993 жылдар аралығында «Мир» орбиталық кешенінің бағдарламасы бойынша ғарышкерлер тобының құрамында ұшуға даярлықтан өтті.

1993 жылғы 1 маусым – 17 желтоқсан аралығында «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-15 бағдарламасы бойынша екінші экипаждың бортинженері ретінде ұшуға даярлықтан өтті.

1994 жылғы 8 қаңтар «Союз ТМ-18» ҒК борт инженерінің қосарлаушысы.    

1994 жылғы ақпан-маусым «Мир» ОК ЭО-16 бағдарламасы бойынша негізгі экипаждың бортинженері ретінде ұшуға даярлықтан өтті.

1994 жылғы 1 шілде – 4 қараша аралығында «Мир» орбиталық кешеніне «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен ЭО-16 экипажының бортинженері ретінде Ю.Маленченко мен В.Поляковпен бірге ғарышқа бірінші рет ұшты. Ұшу ұзақтығы 125 тәулік 22 сағат 53 минут 36 секунд құрады. Ашық  ғарышқа екі рет шықты, жалпы ұзақтығы 11 сағат 07 минутты құрады.

 

1996 жылғы 25 наурыз - 1997 жылғы қаңтар аралығында «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-23 бағдарламасы бойынша екінші экипаж командирі ретінде ұшуға даярлықтан өтті.

1997 жылғы 10 ақпан - «Союз ТМ-25» ғарыш кемесінің командирінің қосарлаушысы болды.

1997 жылғы наурыз – 1998 жылғы қаңтар аралығында ЭО-25 бағдарламасы бойынша екінші экипаждың командирі ретінде дайындалды.

1998 жылғы 29 қаңтар – 25 тамыз аралығында «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-25 (НАСА-7/»Пегас») бағдарламасы бойынша «Союз ТМ-27» ғарыш кемесінің  командирі ретінде Н. Бударин, Л. Эйартц және Э. Томаспен бірге ғарышқа екінші рет ұшты. Ұшу ұзақтығы 207 тәулік 12 сағат 51 минут 02 секунд құрады. Ұшу кезінде ашық ғарышқа 5 рет шықты, жалпы ұзақтығы 30 сағат 08 минут құрады.

1997 жылғы 28 шілде МВАК шешімімен МКС-Т бағдарламасы бойынша ХҒС баратын экспедицияның бірінші экипажының командирі болып тағайындалды.

1999 жылғы 15 сәуір - 2000 жылдың мамыр аралығында МКС-Т бағдарламасы (такси)  бойынша («Союз ТМА» кемесін сынау және КК ауыстыру мақсатында) Халықаралық ғарыш станциясына баратын бірінші ресейлік экспедицияның негізгі экипаж командирі ретінде даярлықтан өтті.

2000 жылғы 2 маусым ҒДО РМҒЗИ және «Энергия» ЗҒК бірлескен шешімімен ЭО-29 екінші экипажының командирі болып тағайындалды.

2000 жылғы 12 маусым «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-29 екінші экипажының командирі ретінде ұшуға дайындық.

2001 жылғы 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Союз ТМ-32» ғарыш кемесінің командирі ретінде ресейлік ғарышкер Юрий Батурин және әлемнің бірінші ғарыштық турисі, АҚШ азаматы, миллиардер Денис Титомен бірге үшінші ғарыш сапарын жасады. Осы ұшумен ғарыштық туризм ғасыры ашылды. Ұшу ұзақтығы 7 тәулік 22 сағат 4 минут 3 секунд.

2003 жылдан бастап - РФ Қарулы Күштері әскери авиациясының жауынгерлік әзірлік басшысы.

2005 жылғы 30 мамырдан бастап - «Байқоңыр «ғарыш айлағында» Бәйтерек «ғарыш зымыран кешенін құру бойынша «Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ бас директоры.

2007 жылғы 10 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2007 жылғы 11 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

ҚР Премьер-Министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің азаматтық авиация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы бұйрығымен ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2016 жылғы 20 қаңтарда ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

 

Ғылыми қызметтері:

Зымыран-ғарыш техникасы саласындағы техникалық ғылымдарының докторы, профессор

ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Халықаралық астронавтика академиясының академигі

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі

К. Э. Циолковский атындағы Ресей ғарыш академиясының академигі

Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі

 

 

Әскери атақтары:

Запастағы лейтенант-инженер (1974)

Запастағы аға лейтенант (1978)

Міндетті әскери қызметке шақырылғаннан кейін (КСРО ҚМ)

Майор (ерекшелік ретінде, кезектен тыс) (1991)

Подполковник (мерзімінен бұрын) (1993)

Полковник (мерзімінен бұрын) (1995)

РФ ҚМ ӘӘК Генерал-майоры (2003)

ҚР авиация Генерал-лейтенанты (2007)

 

 

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары:

ҚР «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызы (1995)

«Ресей Батыры» алтын жұлдызы (1994)

«Отан» ордені (ҚР, 1998)

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көсшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев» Ордені (2011)

«Барыс» І дәрежелі ордені (ҚР, 2001)

«Отан алдындағы еңбегі үшін» ІІІ дәрежелі ордені (РФ, 1998)

«Отан алдындағы еңбегі үшін» ІІ дәрежелі ордені (РФ, 2001)

«КСРО халықтарының Достығы» ордені (1991).

«Ғарышты игерудегі еңбегі үшін» медалі (РФ, 2011)

«Құрметті Легион ордені» Францияның жоғары наградасы (Франция, 2010)

«Австрия Республикасы алдында сіңірген еңбегі үшін» құрмет ордені (1991 ж.)

«Астана» медалі (1999)

«Астанаға 10 жыл» мерейтой медалі (2008)

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі (2011)

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі (2016)

«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ҚР ҰҚК медалі (2007)

«Жауынгерлік айбыны үшін» І дәрежелі медалі

«Мінсіз әскери қызметі үшін» медалі

«Ғарышқа ұшқаны үшін» NASA-ның арнайы медалі (АҚШ, 1998)

 «Салмағы үлкен ғарыш объектісін құрастырудың әлемдік рекорды үшін (248 673,7 кг)» Де-Лаво атындағы FAI арнайы медалі (Халықаралық авиация және астронавтика федерациясы, 1998).

Қазақ КСР жоғары наградасы. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының «Құрмет» грамотасы (1984)

 

Құрметті атақтары:

РФ ұшқыш-ғарышкері (1994)

ҚР ұшқыш-ғарышкері (1995)

Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2015)

Жыл инженері - ҚР Ұлттық инженерлік академиясы «Машина жасау және ғарыш саласы» номинациясының жеңімпазы (2008)

Алматы қаласының, Алматы облысының, Байқоңыр қаласының, Қазақстанның, Ресейдің және АҚШ-тың басқа да көптеген облыстары мен қалаларының Құрметті азаматы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҒТУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан МУ, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Я. Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының және Қазақстан мен Ресейдің басқа да көптеген жоғары оқу орындарының құрметті профессоры

 

 

Спорттағы жетістіктері:

Қазақтан шыққан жоғары пилотаж бойынша КСРО-ның алғашқы спорт шебері (жоғары пилотаж бойынша Қазақ КСР құрама командасының мүшесі)

Спорттық гимнастикадан КСРО спорт шебері

Командалық есепте жоғары пилотаж бойынша КСРО чемпионы (1983-1984)