Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Т. Мұсабаев 2019-ші жылғы қазанның 1-і Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитет отырысына қатысты

01.10.2019 0

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырыс өткізіп, онда келесі мәселелер қаралды:

1. Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы

Баяндамашы: Ахметжанов Марат Мұратұлы - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

Қосымша баяндамашы: Қожамжаров Қайрат Пернешұлы - Комитет мүшесі

Қабылданған шешім: Заң жобасы Бас комитетке ескертпелерсіз жіберілді.

2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Баяндамашы: Айсина Майра Арапқызы – Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты  

Қосымша баяндамашы: Нұржігітова Дана Өмірбайқызы - Комитет мүшесі

Комитет отырысының барысында депутаттар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері (ЦДИАӨМ), консулдық қызметтердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері (СІМ), мекенжай анықтамаларын пайдалану (ІІМ) және тіркелген әскери билеттер мәселелері (ҚМ) мен  оларды алу бойынша сұрақтар қарастырды.

Қабылданған шешім: Заң жобасы Бас комитетке ескертпелерсіз жіберілді.

Бөлісу