Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Нөкетаева
Динар
Жүсіпәліқызы

Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы

Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы, қазақ, 1964 жылы 4 қарашада Алматы облысы, Алакөл ауданы, Арқарлы ауылында дүниеге келген.

1981 жылы орта мектепті бітірген соң С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне «химия» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1986 жылы бітірді.

Екінші жоғары білімді 2007 жылы академик Жолдасбеков атындағы Институтта «құқықтану» мамандығы бойынша алды.

Еңбек жолын 1986 жылғы шілде айында Алматы облысы, Іле ауданы, Тюмебаев атындағы совхозда №1 балабақша тәрбиешісі болып бастады.

Содан кейін, 1987 жылы Ащыбұлақ орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып, 1989-1992 жылдары Ұзынағаш орта мектебінде жұмыс істеді.

1992 жылдың қаңтар айынан Жамбыл аудандық жастар комитетінің инспекторы, Жамбыл аудандық халық депутаттары Кеңесінің аға референті, Жамбыл аудандық әкімшілігінің референті болып жұмыс істеді.

1994 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл аудандық мәслихатының жетекші маманы.

1997 жылдың желтоқсанынан Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты, 1999 жылдың қазанынан Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы.

2004 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысының № 17 сайлау округінен ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті «Ауыл» депутаттық тобының мүшесі.

2007 жылғы маусымнан бастап «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты және әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, 2008 жылғы желтоқсаннан бастап Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

2011 жылдың тамыз айынан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды.

2017 жылғы маусымнан бастап Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар:

«Парасат» және «Құрмет» ордендері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» 2001 ж., «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» 2005 ж., «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» 2006 ж. мерейтойлық медальдары, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» 2009 ж., «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» 2011 ж. , «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі, 2011 ж., «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» 2014 ж., «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» 2015 ж., «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлеріне 20 жыл» төс белгісі.

Екі ұлы мен бір қызы бар.