Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы

08.11.2017 0

«Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы               2017 жылғы 11 сәуірдегі Мәскеуде, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау мақсатында, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен әзірленген.

Заң жобасының мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа кедендік кодекс аясындағы кедендік басқару жұмыстары ең алдымен еліміздің сыртқы экономикалық мүдделерін қорғауға және оны құрылымдап, жандандырып, әрі қарай дамытуға бағытталғанын атап өту қажет.

Сонымен қатар, кодекс экономикадағы интеграциялық үдерістерді дамытуға және қатысушы-мемлекеттердің уәкілетті органдары мен бизнес қауымдастықтары араларында өзара тиімді серіктестік қатынастар орнатуға мүмкіндік жасайды.

Жаңа кодекс күшіне енген күннен бастап 2009 жылдың 27 қарашасында қабылданған Кеден кодексінің жұмысы тоқтатылады.

Заң жобасымен ұсынылып отырған кодекс халықаралық стандарттар мен кедендік басқарудың үздік тәжірибесі негізінде және одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысының кеден саласындағы ерекшеліктері ескеріліп әзірленді.

Аталған келісімді ратификациялау теріс қаржылық, құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Шарт Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы дипозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

Бөлісу