Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаян

Нұрғалиев
Жеңіс
Мирасұлы
Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев 1962 жылы 9 мамырда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосында дүниеге келген

         

          Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев 1962 жылы 9 мамырда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосында дүниеге келген. 1984 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын ғалым агроном мамандығы бойынша аяқтады, 2001 жылы Орта Азиялық университетінің Қостанайдағы филиалын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.

Кеңес Армиясы қатарында борышын атқарған соң еңбек жолын бастады. 1985 - 1987 жылдар аралығында Қостанай облысы Қостанай ауданы «Александровский» совхозының № 3 бөлімшесінде агрономдықтан бастады. 2004 жылға дейін осы салада басшылық қызметтерде болды, сондай ақ Қостанай облысының мемлекеттік органдарында, коммерциялық құрылымдарда әр түрлі басқарушы лауазымдарды атқарды.

2004 - 2006  жылдары Қостанай облысы Сарыкөл ауданының әкімі және 2006 – 2008 жылдар аралығында Қостанай қаласының әкімі қызметтерін атқарды.

        2008 - 2010 жылдары аралығында Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2010 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2017 жылғы 4 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 2 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитетінің төрағасы.

2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

 Ол бірнеше мәрте мемлекеттік наградалармен: «Құрмет», «Парасат», ТМД ПАА «Содружество» ордендерімен және ТМД ПАА құрмет грамотасымен, «Парламенттік әріптестікті нығайтқаны үшін»,  басқа да мерейтой медальдармен марапатталған.

Үйленген, екі баланың әкесі.