Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Нұрсипатов
Нұржан
Нұрланбекұлы

Өмірбаян

1957 жылы 17 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген, Қазақ КСР, қазақ, білімі жоғары. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің Жоғары курстарын жедел қызмет мамандығы бойынша (Минск қ.) және Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

  • 1982-2006 жылдары – КСРО МҚК аудандық бөлімінің жедел уәкілі, аға уәкілі, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Қызмет бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппаратының қарсы барлау, кадр, ақпараттық-талдау, барлау, инспекторлық бөлімшелері департаменті бастығының орынбасары (ШҚО Аягөз ауданында, Семей, Алматы, Астана қалаларында).
  • 2006-2007 жылдары - Семей қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік Комитеті басқармасының бастығы-Шығыс Қазақстан облысы ҰҚК департаменті бастығының орынбасары.
  • 2007-2013 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының бірінші орынбасары (Өскемен қаласы).
  • 2013-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы.
  • 2017-2020 жылдары-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
  • 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы.

Марапаттар

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005 ж.)
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.)
  • «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі
  • «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» (ҚР) медальдары (І, ІІ, ІІІ дәрежелі)
  • «Мінсіз қызметі үшін» медальдары (ҚР) (І, ІІ, ІІІ дәрежелі)
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі
  • ТМД ПАА құрмет грамотасы (2019 ж.)

 

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшесінің тұрақты комиссияларға, комитеттерге, топтарға қатысуы

  • Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымының (НАТО) Парламенттік Ассамблеясының мүшесі
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының мүшесі
  • Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен ынтымақтастық жөніндегі топтың мүшесі (Австрия, Албания, Болгария, Босния және Герцеговина, Латвия, Литва, Македония, Молдова, Польша, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Украина, Хорватия, Черногория, Чехия, Эстония)
  • "Нұр Отан" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің мүшесі
  • "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің мүшесі

Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер

  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері
  • Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Құрметті азаматы