Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Солтүстік Қазақстандағы кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдады

09.01.2018 0

Сенаторлар Солтүстік Қазақстандағы кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдады

 Петропавлда жұмыс бабындағы сапарда жүрген сенаторлар Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде болды. Парламентшілер Ішкі істер департаментіндегі Жедел басқару орталығының жұмысымен және көші-қоны қызметінің жаңа кеңсесімен танысты. Депутаттар Ішкі істер департаментінің 2017 жылғы желтоқсанда полицияның 42 қызметкерінің отбасын қабылдаған жаңартылған жатақхана ғимаратын да көрді. Ішкі істер департаменті ұжымымен кездесудің басты тақырыбы Парламенттің 2017 жылғы заң шығару жұмысының қорытындылары туралы болды. О. Перепечина мен Е. Сұлтанов өз сөздерінде заңнамадағы құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулерге ерекше назар аударды. Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту, жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, «Прокуратура туралы» заңдарының мазмұны туралы пікір алмасылды. Сенаторлардың аймақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы кездесуі жаңа Салық, Кеден, Жер қойнауы туралы кодекстердің ережелері мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерді іске асыру мәселелеріне арналды. Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері электр энергиясына тәулік мезгілдеріне орай өзгеретін тарифті қайтаруды ұсынды. Шағын және орта бизнес өкілдері бұрын қолданылған тариф бойынша жұмыс істеген олардың кәсіпорындары мен тұрғындар зиян шегін жатқанын жеткізді. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан қарызды ресімдеу рәсімдерінің реттелмегені және отандық өнім өндірушілерге арналған банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін төмендету қажеттігіне байланысты сауалдар қойылды. Автомобильмен тасымалдаушы кәсіпорындардың басшылары қоғамдық көлікке салық салуға жеңілдіктер енгізуге орай өтініш айтты. Кездесуге қатысушылар одан басқа «Астана-1» кедендік декларациялау жүйесінің жұмысын жақсартуға байланысты тілектерін жеткізді.
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі: 
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/35547
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Бөлісу