Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Солтүстік Қазақстан облысында экологияны қорғау және орманды кесу мәселелері талқыланды

13.01.2020 0

Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапар барысында Қызылжар ауданындағы бірнеше ауылдық елді мекендерде болды.

Сенатордың жұмыс сапары Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында орналасқан «Радуга» кәсіпорнынан басталды. Серіктестікте полиэтилен пленкасы түйіршіктерге айналып, пластмассалық бұйымдарға қайта өңделеді. Сенатор өндіріс цехтарында болып, серіктестік басшылығымен және ұжыммен кездесті, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.   

Депутат «КИПР» оқу орталығына болып, мекеме ұжымымен кездесті және оқу процесімен танысты.

Бескөл орта мектебінің хоккей кортында болған кезде сенатор жастар хоккей командасына сертификат табыс етті.

Сенатор Бескөл орта мектебінде Бескөл ауылындағы мектеп гимназияның ұжымдарымен кездесті. Кездесуге елуден астам мұғалім қатысты. О.Перепечина жүздесу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында айтқан тапсырмаларын орындау туралы, Парламент Сенатының 2019 жылы атқарған жұмысының қорытындылары мен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заңдар туралы хабардар етті. Педагогтардың еңбекақысын көтеру, педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы енгізу, педагогтарды оларға тән емес міндеттерден босату мүмкіндігін беретін «Ұстаз мәртебесі туралы» жаңа заңға ерекше көңіл бөлінді.

Парламентші сол күні Архангельск ауылындағы «Мельничук и К», «Елім Қызылжар» және «Петерфельд Агро» серіктестіктері мен Қызылжар ауданының Петерфельд орта мектебінде болды. Депутат жұмысшылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады және кейбір мәселелер бойынша түсініктеме берді. Ауыл тұрғындары көп жағдайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы және еңбекақы мәселелеріне назар аударды.   

Сенатор сапар соңында «Nur Otan» партиясының Бескөл филиалының қоғамдық қабылдауында аудандық мәслихат депутаттарымен және ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді. Онда тазарту құрылысы кешенін жаңғырту мен салуға шектеулерді алып тастауға және қаржы бөлуге жәрдемдесу, экологияны қорғау және орманды кесу, дәрі-дәрмекке жеңілдік беру, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалды. Сенатор азаматтарды қабылдау барысында қойылған барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді, кейбір сұрақтар жеке бақылауға алынды.

Бөлісу