Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

17.10.17ж. - Сенат Төрағасының Вьетнам Парламенті Басшысымен өткізген кездесуіне қатысты _

13.11.2017 0

Қ. Тоқаев Вьетнам парламентінің басшысымен кездесті

 

Вьетнам Ұлттық Жиналысының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесу барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам парламенті басшысының Қазақстанға алғашқы ресми сапарына қолдау білдірді. Оның айтуынша, дипломатиялық қатынастар орнаған 25 жылда біздің елдеріміз арасындағы барлық саладағы, әсіресе, саяси және сауда-экономикадағы ынтымақтастық іс жүзінде дами түсті. Сонымен бірге, екі елдің мүмкіндіктері мен мүдделеріне сай келетін ынтымақтастықты өрістету жөніндегі ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Екіжақты өзара іс-қимыл туралы айта келіп Қ. Тоқаев Қазақстанда халықаралық логистикалық хаб құруға бағытталған трансқұрлықтық инфрақұрылым жобаларының іске асуына байланысты вьетнам бизнесі үшін ашылатын мүмкіндіктерге тоқталды. Сенат Төрағасы ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асыру тұрғысында біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымын одан әрі ұлғайтудың келешегі зор екенін атап өтті. Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру жөніндегі Қазақстанның тәжірибесі және онда діни және саяси қайраткерлер қазіргі замандағы аса маңызды мәселелерді талқылайтыны туралы Сенат Төрағасының ақпараты меймандардың зор ықыласын туғызды. Вьетнам делегациясы басшысының пікірінше, бұл форум ұлтаралық және дінаралық бейбітшілік және келісім жөніндегі Қазақстан басшылығының жемісті саясатының жарқын көрінісі болып табылады. Тараптар екі ел арасындағы сауда, өзара гуманитарлық іс-қимыл, мәдени және туристік сапарлар мәселелерін талқылады.
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі: 
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/32350
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Бөлісу