Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаян

Плотников
Сергей
Викторович

Сергей Викторович Плотниковтің Өмірбаяны

ҚР Парламенті Сенатының

Қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі

 

1960 жылы 22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. Орыс. Білімі жоғары – 1982 жылы Саратов политехникалық институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар. Әскери атағы – подполковник. Төртінші, бесінші және алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен және сегіз медальмен марапатталған.

1977 жылы мектепті бітіргеннен кейін Саратов политехникалық институтына оқуға түсті. 1982 жылдан бастап оқуды аяқтағаннан кейін «КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Шығыс машина жасау зауытында» цех ауысымының шебері, аға шебер, цех бастығының орынбасары, бас технолог жұмыс істеген.

1984 жылдан 1986 жылға дейін Шығыс машина жасау зауыты комсомол комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Өскемен қалалық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.

1998-2003 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының энергетика, индустрия, көлік, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы, 2003-2007 жылдары – Глубокое ауданының әкімі. Келесі екі жыл бойы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысынан төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

2014 жылғы 30 мамырдан бастап 2017 жылғы 4 қыркүйекке дейін Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетін басқарды. Ауылды, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге ерекше назар аударды. 2017 жылғы 4 қыркүйектен бастап – Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. Депутаттың жауапкершілік саласына бухгалтерлік есеп және аудит, қаржылық бақылау саласындағы заң жобалары кіреді.

Мемлекет алдындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 10 жыл» және «Тыңға 50 жыл» медальдарымен марапатталған. ТМД елдерінің парламентаралық ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін «ТМД Парламентаралық ассамблеясына 20 жыл», «ТМД Парламентаралық ассамблеясына 25 жыл» және «Парламенттік ынтымақтастықты нығайту үшін» медальдарымен марапатталған. «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссиясының құрамында Қазақстан тарапының мүдделерін белсенді қорғайды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы – Ресей Федерациясы» парламенттік ынтымақтастығы тобы құрамының, халық қоныстануы мен дамуы бойынша парламентшілердің азиялық форумының мүшесі.