Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаян

Сұлтанов
Ерік
Хамзаұлы

ҚР Парламент Сенатының депутаты

СҰЛТАНОВ ЕРІК ХАМЗАҰЛЫ

1956 жылы 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында дүниеге келді.

Қарағанды политехникалық институтын (1978); Д.М.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2005) бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында механик ретінде, одан әрі бас инженер, осы комбинаттың кәсіби одағының басшысы қызметін атқарған.          1992 жылдан бастап Екібастұз қаласындағы ағаш өңдеу комбинатының директоры, 1993 жылы - Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1994 жылы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі XIII шақырылымының депутаты болып сайланды. 1995-1998 жылдары ҚР Еңбек министрлігінің еңбек қорғау департаментінің бастығы,  «Екібастұзшахтақұрылыс» өндірістік бірлестігіінің президенті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген.

1998 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жүйесінде басқарушы лауазымдарда жұмыс жасаған.

2006 жылы - Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2008 жылы - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті лауазымына тағайындалды.

2013 жылдан бастап «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма басшысы болып істеді.

2014 жылдан бастап 2017 жылдың наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымын атқарған.

2017 жылдың маусымынан бастап – Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.

«Парасат» және «Құрмет» ордендермен, үш медальмен марапатталған.