Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

"Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодекі туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР Заң жобасы бойынша қолдау сөз

30.11.2017 0
ӘКІМОВ Р

 

«Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы»  

ҚР Заң жобасы бойынша 

(30 қараша 2017 ж.)

Құрметті төраға,

құрметті әріптестер, шақырылғандар!

 

Бүгін қаралып жатқан заң жобасының негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету.

Еуразиялық экономикалық одақтың кодексі халықаралық стандарттар мен кедендік басқарудың үздік тәжірибесі негізінде және одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысының кеден саласындағы ерекшеліктері ескеріліп әзірленді.

Оған сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларға кедендік рәсімдерді ыңғайлы түрде өтуге мүмкіндік беретін прогрессивті нормалар еңгізілді.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі Қазақстан Республикасы үшін бірқатар оң факторлар, атап айтқанда тауар айналымын арттыру, экономиканы одан әрі диверсификациялау, өнеркәсіптік саланы дамыту сияқты жағдайлар туғызады.

Құрметті әріптестер, жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сіздерді осы Заң жобасын мақұлдауға шақырамын.       

Назарларыңызға рақмет!

 

 

Бөлісу