Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Бас заң жобасы бойынша Сенаттың кезекті отырысында сөйлеген сөзі

07.12.2017 0
«Еуразиялық экономикалық қоѓамдастықта агроµнеркғсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылыѓы техникасыныњ, машиналардыњ механизмдердіњ, жабдық пен кµлік қ±ралдарыныњ халықаралық лизингін дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Зањыныњ жоб

 

ҚР Парламент

 Сенатының отырысына

 

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы №7681-KZ Қарыз туралы келісімге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша

БАЯНДАМА

(7 желтоқсан 2017 ж.)

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

 Құрметті әріптестер, шақырылғандар!

Заң жобасы туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек толық баяндап берді.

Аталған заң жобасы Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019-шы жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында көзделген «Күрті-Бурылбайтал» және «Ұзынағаш-Отар» учаскелерін реконструкциялау бойынша жобаларды іске асыруға бағытталған.

Осы учаскелерді реконструкциялау заң жобасы бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 271,3 млн. АҚШ доллар сомасындағы қарыз қаражатын үнемдеу есебінен және республикалық бюджеттен 47,9 млн. АҚШ доллар көлемінде қоса қаржыландыру есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұл жобаларды іске асыру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырады, жол бойындағы сервисті дамытады және осы учаскелерде жол қауіпсіздігінің деңгейін ұлғайтады.

Сондай-ақ, жоба жұмыс орындары мен экспорттық-импорттық жүк тасымалдауының өсуіне байланысты сыртқы экономикалық қызметті жақсартады.

Құрметті әріптестер, қарастырылып отырған заң жобасы жұмыс тобының отырыстарында, Комитеттің отырысы мен кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды. Сенаттың тұрақты комитеттерінен және құқықтық сараптама, редакциялық-баспа бөлімдерінен ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа қолданыстағы заңдарға қайшы келмейді.

Осыған орай, аталған Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

 

Назарларыңызға рақмет!

 

Бөлісу