Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы бойынша Сенаттың кезекті отырысында қойған сұрақ

26.04.2018 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша сұрақ

 

Қазіргі таңда архив саласы жастар арасында сұранысқа ие болмаған сала болып отыр. Оның бірнеше себебі бар. Бұл – әлеуметтік сала арасындағы жалақы деңгейінің ең төмен болуы, даму перспективасының болмауы. Салдарынан мемлекеттік архивтерде білікті мамандар өте тапшы. «Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша даярлықты жүзеге асыратын республикадағы  жалғыз жоғарғы оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылады.

Осыған байланысты, саланы танымал ету және республиканың мемлекеттік архивтеріне жас мамандарды тарту үшін Министрлік қандай шаралар қабылдап  жатқаны туралы сұрақ қойғым келіп отыр?

 

 

Бөлісу