Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Қазақстан Республикасы Үкіметің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің туралы есептерді талқылағанда ҚР Парламенті Сенат отырысындағы сөзі

12.06.2018 0
Сенат отырысы 11.06.18 ж.
 
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылға арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнің есебінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң оң серпіні байқалады. 
Дегенмен, айта кететін жәйт - салықтық түсімдердің түсуіне қарамастан салықтар мен салықтық емес басқа да  төлемдердің 16 позициясы бойынша түсімдердің жалпы сомасы 108,5 млрд. теңгеге орындалмауы байқалады.

Талдау жасалған кезеңде бюджетті реттеудің нақты көрінісін бағалау мақсатында абсолюттік емес негізгі көрсеткіштердің даму бағыттарына емес, мынандай даму ағымдарына назар аударған жөн:

- Ұлттық қордан 2017 жылы түскен трансферттер үлесі 2016 жылғы 37,3%-ға қарағанда 45,5 %-ға өскен;

- бюджет кірісінің жалпы құрылымындағы салықтық түсімдердің үлесі 50%-ға дейін төмендеген;

- 2016 жылғы 20,3% өсіммен салыстырғанда, шикізаттық сектор кірістерінің бюджетке түсімі 61,7%-ға өскен;

- негізгі капиталға тартылған инвестициялардағы бюджет шығыстарының үлесі 2016 жылғы 17,1%-дан, қазіргі есеп беру жылында 16%-ға дейін төмендеген.

Осылайша, аталған көрсеткіштердің өзгеру динамикасы өткен жылдармен салыстырғанда 2017 жылы бюджет тиімділігінің төмендегенін көрсетеді.

Үкіметтің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін талдаудан қазіргі уақытта бюджетті жоспарлаудың үш жылдық стратегиялық қаржылық жоспарлаудан басым екенін байқауға болады.

Бюджет қаражатын толық игере отырып тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты көрсеткіштеріне қол жеткізбеу практикасы әбден орныққан.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарызы 14 триллионға жуық теңгені құрайды. Есеп комитетінің есебіне  сәйкес,  бұл  көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 6 есе  өсті   және   мемлекеттік   қарыздың   жалпы  көлемінің 35,8 %-ын құрады.

Сыртқы қарыз алудың мониторингі жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғандығы туралы қорытынды жасауға болады.  Осыған орай біз қарыз қаражатын тиімді пайдалану мақсатында сыртқы қарызды басқару жүйесін әзірлеп, сыртқы қарыздың жалпы ішкі өнімге шаққандағы жол берілетін шегін төмендетуіміз қажет.

 

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу