Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенат отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбекке қойған сұрақ

27.09.2018 0

Құрметті ЖЕҢІС МАХМҰДҰЛЫ!

Маңызды мәселелердің бірі - республикалық маңызы бар трассалар өтетін елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Ең алдымен, бұл жаяу жүрушілерге арналған өту жолдарын қарастырмау салдарынан күн сайын көліктер үлкен жылдамдықпен жүретін автожолдарда жүрушілердің жолдан өтулеріне байланысты апатты жағдайлар орындары пайда болады.  

Айта кету керек, бізде республикалық маңызы бар трассалар арқылы өтетін 450-ден астам елді мекен бар. Осы елді мекендерде жаяу жүрушілердің қауіпсіздігі үшін оңтайлы шешім – әртүрлі деңгейдегі жүрушілер өткелдерін көптеп салу болып табылады.

Тағы бір өзекті мәселе, елді мекендер арқылы өтетін республикалық жолдарда мал өткелдерінің жеткіліксіз болуы және жабайы жануарлардың өтуіне арналған арнайы өткелдердің жоқтығы.

Бұл өз кезегінде жабайы жануарлардың табиғи миграциясына кері әсерін тигізуде.

 

Осыған орай сұрақ: Осы мәселелерді шешу үшін қандай іс-шаралар қолға алынуда?

 

 

 

 

 

Бөлісу