Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобасы бойынша қолдау сөз

25.10.2018 0

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы бойынша сөз сөйлеу

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер, шақырылғандар!

Қазіргі күні әлемде өмірдің әрбір кезеңі, өнімді өндіруден оны өткізуге дейін жарнаманың белсенді бағдарламасымен іске асады. Экономиканың және қоғамның өмірінің барлық салаларында жарнаманың маңызы артуда. Осы орайда, заң жобасының өзектілігі сөзсіз болып отыр.

Баяндамашы мен қосымша баяндамашы заң жобасының негізгі жаңалықтарын атап өтті. Алайда, мен құрметті депутаттардың  назарларын келесі ерекшеліктерге аударуды жөн санаймын.

Осылайша, заңның аясында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың келісу тәртібінен хабарлама тәртібіне өту қарастырылған. Бұл жалпы бизнеске әкімшілік ауыртпашылықтарды төмендетіп, сонымен қатар жарнама саласындағы нарық субъектілерінің дамуына септігін тигізеді.    

Белгілі болғандай электронды және мобильді жарнама барлық жарнама қызметін жаңа деңгейге шығарды. Қазіргі уақытта көбінесе үлкен экрандар, билбордтар мен электрондық таблолар қолданылады. Бұл өзгерістер заң жобасында ескерілген. Жарнама үшін төлемақы оның түріне байланысты болады. Жарнаманың бейнеролик, жарнама жолы және тұрақты ақпарат түрлеріне жекелеген төлемақы мөлшері қарастырылған.

Жарнаманың жағымсыз әсерін азайту мақсатында бірқатар шаралар ұсынылады. Жарнаманың дауысы бағдарламаның дауысынан жоғары болмауына байланысты талап қойылады.

Сонымен қатар, заң жобасымен әлеуметтік жарнаманы тегін орналастыру арқылы оның ролін күшейту қарастырылған.

Жарнама саласындағы заңнамалық актілерде көзделген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларды бұзғаны үшін жауапкершілік нақтыланады.

Бұл заң жобасының тұжырымдамасында белгіленген барлық мақсаттарды іске асыруға ықпал етеді деп есептеймін.

Осыған байланысты Мен әріптестерімді аталған заң жобасын қолдауды сұраймын.    Назарларыңызға рақмет!

 

 

 

Бөлісу