Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» және «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы

07.11.2018 0

22.10.18 ж. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы Омбы Новосибирск-2» және «Омбы Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді;

30.10.18 г. Комитеттің отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы-Омбы-Новосибирск-2» және «Омбы-Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық

мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бойынша

АНЫҚТАМА

КСРО ыдырағаннан кейін жылжымайтын мүлік ретіндегі магистральдық мұнай құбырларына меншік құқығы елдердің арасында аймақтық қағидат бойынша бөлінді.

Бұндай бөлу Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 мамырдағы № 2815 Жарлығымен ратификацияланған 1992 жылғы 9 қазандағы Құқықтарды өзара мойындау және меншік қатынастарын реттеу туралы келісімге (бұдан әрі – ТМД елдері келісіміне) негізделген болатын. 

Бұл ретте «Тұймазы - Омск - Новосибирск-2» (ТОН-2) мұнай құбырының қазақстандық  учаскесіндегі  62 048 тонна технологиялық мұнайға және  «Омск-Павлодар»  мұнай құбырының ресейлік учаскесіндегі (0-215,063 км – Ресей аумағы) 141 728 тонна технологиялық мұнайға меншік құқығын айқындау мәселесі шешілмей қалып отыр. Аталған мұнай аумақтық қағидат бойынша заттай берілген жоқ,  бірақ   «Транснефть» ЖАҚ (РФ) балансына – ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесіндегі  62 048 тонна технологиялық мұнай  және «ҚазТрансОйл» АҚ балансына  (ҚР) - «Омск-Павлодар»  мұнай құбырының ресейлік учаскесіндегі (0-215,063 км – Ресей аумағы) 141 728 тонна технологиялық мұнай қабылданды.                        

Сонымен бірге, аталған шаруашылық субъектілерде өздерінің меншік құқығын растайтын осы мұнайға тарихи бастапқы құжаттардың болмауына байланысты өздерінің балансындағы мұнайды толықтай иеленуге, пайдалануға және билік етуге мүмкіндік болмады.

Тараптардың арасындағы ұзақ келіссөздердің қорытындылары бойынша бұл мәселенің оңтайлы шешімі төмендегі факторларға байланысты тиісті заң қабылдау жолымен үкіметаралық келісімді жасасу болып табылатыны түсінікті болды: 

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 1-тармағына және Ресей Федерациясы Конституциясының 8-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік меншік пен жеке меншік, сондай-ақ муниципалдық және өзге меншік нысандары (РФ-да)  танылады және бірдей қорғалады;

2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкес Парламент  маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негізгі қағидаттар мен нормаларды, соның ішінде меншік режимі мен өзге де меншік құқықтарына, сондай-ақ салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге қатысты  заңдарды шығаруға құқылы.

3) технологиялық мұнайға меншік құқығын анықтау мәселесі бұрын КСРО меншігі болып табылған мүлікке құқықтарды бөлумен байланысты болғандықтан, бұл мәселенің шешімі ТМД елдерінің келісіміне негізделуі тиіс әрі шаруашылық субъектілердің корпоративтік деңгейінде реттелуі мүмкін емес, себебі мүдделі компаниялардың өкілеттілігі шегінен шығады;

4) халықаралық құқықпен тыйым салынбаған кез келген мәселелер бойынша халықаралық құқық субъектілерімен халықаралық шарттарды жасасуға Қазақстан Республикасының егеменді құқығының болуы;

5) Келісімнің қолданыстағы халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларына сәйкестігі;

6) ұлттық сипаттамадан жоғары тұратын қарастырылатын Келісімді жасасу сот органдарында технологиялық мұнайға меншік құқығын белгілеу мәселесіне келіспеушілікті болдырмауға және оны шешуге барлық мүдделі тараптарды тартуға  мүмкіндік береді.

Нәтижесінде тараптар тиісті көлемдердің баланстық тиесілілігі қағидаты бойынша мұнайға меншік құқығын анықтайтын және «Транснефть» ЖАҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ арасында өзара қарым-қатынас тәртібін белгілейтін халықаралық шартты жасасу қажеттілігі туралы келісімге келді.

Келісімді ратификациялау және жүзеге асыру Қазақстан Республикасына «ҚазТрансОйл» АҚ тұлғасында заңды негізде бұрын даулы болған 141 728 тонна мөлшеріндегі технологиялық мұнайға қатысты меншік құқығына ие болуға мүмкіндік береді, ол дегеніміз Қазақстан Республикасы үшін экономикалық пайда көруді білдіреді.   

 Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес мұнайды тапсыру рәсімі сатып алу-сату мәмілесі болып танылып, оған қосылған құнға салық, корпоративтік табыс салығы мен өзге де салықтар салынуы мүмкін.

Келісім арқылы тарихи әділдік қалпына келтірілетіндіктен, Келісім шеңберінде мұнайды тапсыру рәсімі мұнайды сатып алу-сату мәмілесі болып табылмайды әрі тиісінше бұл операция тараптардың заңнамаларында көзделген салықтардан босатылады.

Бөлісу