Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы

20.12.2018 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚР Заң жобасы

5.12.18 ж., 7.12.18 ж., 10.12.18 ж., 11.12.18 ж., 12.12.18 ж., 13.12.18 ж. –жұмыс тобының отырыстары өткізілді.

14.12.18 ж. – Заң жобасы бойынша Комитеттің отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.

20.12.18 ж. – Заң жобасы екі оқылымда ҚР Парламенті Сенатымен қабылданды.

 

1 оқылым

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚР Заң жобасы бойынша

БАЯНДАМА

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер, шақырылғандар!

Заң жобасы туралы Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов толық баяндап берді.

Сіздерге ұсынылып отырған заң жобасы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу саласында заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген.
Заң жобасымен 14 заңнамалық актілерге - оның ішінде 4 Кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасы орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ендіруді және квазимемлекеттік секторда сатып алуды жүргізу жөніндегі тәсілдерді қайта қарауды көздейді.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертпелері мен ұсыныстары келіп түскен жоқ.

Заң жобасы 14 желтоқсанда Комитеттің кеңейтілген отырысында бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.

Баяндалғанды ескере келе, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті, Сенат Регламентінің 58-ші тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

Назарларыңызға рақмет!

2 оқылым

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚР Заң жобасы бойынша

БАЯНДАМА

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер, шақырылғандар!

Парламенттің алтыншы шақырылымдағы Төртінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы мәселелері бойынша заң жобасын қабылдаудың аса маңыздылығын атап өтті.

Қарастырылып отырған заң жобасы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге, олардың тиімділігін және оған қатысушылардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетуге бағытталған.

В целом, законопроект направлен на решение ряда наболевших проблем в сфере государственных закупок, что в должной мере соответствует ожиданиям бизнес-сообщества, центральных и местных исполнительных органов.

В тоже время в ходе обсуждения законопроекта в Комитетах Сената и рабочих группах неоднократно ставился вопрос о необходимости предоставления более эффективной поддержки для отечественных товаропроизводителей.

В законодательных и нормативных актах наших партнеров по ЕАЭС – России и Белоруссии – прописаны комплексные меры для поддержки собственных товаропроизводителей этих государств. В этой связи полагаем, что аргументы уполномоченного органа, который ссылается на нормы ВТО и ЕАЭС, якобы препятствующие расширению возможных инструментов поддержки отечественного бизнеса, не в полной мере отражают реальную картину. Необходимо добиваться введения в законодательные акты конкретных и действенных норм в части поддержки казахстанских производителей по товарам, работам и услугам, в том числе в закупках квазигосударственного сектора.

Кроме того, в ходе обсуждения законопроекта на рабочих группах поднимался вопрос о расширении субъекта административной ответственности за необращение или несвоевременное обращение с соответствующим иском в суд. Поэтому в рамках дальнейшего совершенствования законодательства о государственных закупках уполномоченному органу необходимо учесть и данное замечание.

Сондай-ақ заң жобасы бойынша Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым, Қаржы және бюджет комитеттерінен келіп түскен ұсыныстар мен ескертпелер талқылау барысында бастамашылардың келісуімен алып тасталды.

Заң жобасы бүгін Комитеттің кеңейтілген отырысында екінші оқылымда жан-жақты қаралып, мақұлданды.

Баяндалғанды ескере келе, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Заңын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Сенат отырысының қарауына енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес оны қабылдауды ұсынады.

Назарларыңызға рақмет!

 

 

Бөлісу