Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

aikyn.kz 6.03.2019 "ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫ МАЗАЛАЙТЫН НЕ?"

11.03.2019 0

https://aikyn.kz/2019/03/06/81741.html

«Айқын» газеті

Жергілікті тұрғындарды мазалайтын не?

06-03-19

Парламент Сенатының депутаттары ауыл-аймақтарды аралап, Елбасының Nur Otan партиясының XVIII съезінде жария еткен әлеуметтік қамқорлық шаралары жайын халыққа кеңінен түсіндіруде. Сенаторлар Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиев БҚО-ға жұмыс сапары аясында Аңқаты ауылдық округінде ауыл белсенділерімен кездесіп, ел Президентінің съезде айқындаған саясатымыздың басты бағыттары туралы айтып берді және 2018 жылы Сенатта қаралған заң жобалары жайында хабардар етті. Өз кезегінде Аңқаты ауылының тұрғындары жергілікті автожолдарды күрделі жөндеу қажеттігін, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша ұсыныстарын, оның ішінде ауылдық мұғалімдердің жалақысын көтеру және Аңқаты орта мектебін күрделі жөндеу туралы ойларын ортаға салды. Сенаторлар сондай-ақ Те­рек­­ті ауданының Шаған ауы­лын­­да да болды. Ауыл тұрғын­дары Новая жизнь ауылында Мәдениет үйін салу туралы ұсыныс айтты. 1998 жылға дейін құр­метті дема­лыс­қа шыққан­дар­дың зей­нетақы­сының көле­мін қайта қарау жөнінде өтініш біл­дірді. Депутат­тар ауыл тұр­ғын­дарының өтініш­тері бойын­ша көпбалалы отбасы­ларға көр­сетілетін көмек туралы түсін­­дірді. Олар кездесуде айтыл­ған мәселелер назарда болатыны­на сендірді.

Жоғарғы палата депутаттары М.Көбенов пен Н.Нұрсипатов Пав­лодар облысының Ертіс ауда­нында жүздесулер өткізді. Олар Северный кентіндегі Мәдениет үйінде жұртшылық өкілдерімен, орта мектеп пен дәрігерлік бекет ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысы қойған міндеттер, оның ішінде балаларға берілетін жәр­дем­­ақы­ларды көтеру, көпбалалы отба­сы­лардың жағдайын жақ­сар­ту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеу­меттік инфрақұрылымды жаң­ғы­рту мәселелері туралы әңгі­­меледі.

Тұрғындар Ертіс стан­сасы арқылы кедендік өтуді қалпына келтіру, сумен қамта­масыз ету тарифін реттеу және басқа да өзекті мәселелерді көтер­­ді.

Сенатор Ә.Бектаев Түркістан облысындағы Кентау қаласында болып, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, қала және ауылдық округтердің, меке­мелер мен өндіріс орында­ры­ның және шаруа қожа­лық­тарының басшыларымен кез­дес­ті. Ол съез­де айтылған негізгі үш әлеу­меттік бастамаларға айрық­ша тоқталып, аз қамтыл­ған отбасылардың әлеу­­­меттік жағдайын жақсартуға, табы­сы төмен отбасыларды бас­па­намен қамтуға, білім беру және денсау­лық сақтау саласының са­пасын көтеруге, жергілікті ау­мақтарды кешенді дамыту мәсе­лелеріне баса назар аудары­ла­тын және алдағы уақытта атқары­ла­тын шаруалар көп екенін айт­ты.

Кездесу барысында Кентау қалалық Ардагерлер кеңесінің төра­ғасы И.Жұмабаев осы қала­ны «экологиялық аймаққа енгі­зу» мәселесінің Үкімет дең­гейін­де шешілуіне көмектесуді сұрады. Кентау қалалық ақса­қалдар ал­қа­сының төрағасы М.Абдул­лаев қаланы табиғи газбен қамта­масыз ету мақса­тында құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын жеткізе келе, алдағы уақытта осы салада төтен­ше жағдайлардың алдын-алу, газды пайдалану ере­же­­лерін халыққа кеңінен түсін­ді­ру мақ­сатында арнайы «газ инспек­циясы» мекемесін құруға жәрдемдесуді өтінді.

Бұдан бө­лек, ол тұрғындар тарапынан мере­келік шараларда от шашу, оларды пайдалану барысында бірнеше оқыс жағдайлардың орын алуына байланысты ондай шараларды арнайы мамандан­ды­рылған мекеме арқылы өткізу және отшашуларды тұрғындарға сатуға тыйым салу қажетін айтты.

Қалалық мәслихаттың депу­та­ты М.Тұрысбеков білім беру мен денсаулық сақтау саласы қыз­мет­­кер­лерінің еңбекақысын көте­ру, жастарды баспанамен қамту мақсатында Үкімет тарапынан арнайы жұмысшы тобын құрып, тиісті мониторинг жүргізуді өтінді. Кентау қаласының Бүргем елді­мекенінің тұрғыны Қ.Айтбаев қалаға қарасты шағын­аудандарда мал шаруашылығын дамыту үшін қосымша жайы­лымдық жерлерді қарас­тыруды сұрады.

Сенат депутаттары О.Пере­пе­чи­на мен Е.Сұлтанов СҚО-ның Тайынша және Аққайың аудан­дарының тұрғындарымен кездесті. Олар облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев және аудан әкімі Иван Турковпен бірге, Nur Otan съезіндегі Елбасы тапсыр­малары мен бастамалары туралы баяндап, тұрғындарды, ауыл еңбек­­керлерін әлеуметтік қолдауға қатыс­ты бағыттарына тоқталды.

Жүздесуде Тайынша ауданы­ның тұрғындары сумен қамту және көлік инфрақұрылымы мәселе­ле­рін көтерсе, Аққайың ауданының Рублевка және Власовка ауылының тұрғындары ауылдық жерлерде тұратын азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесі алаңдататынын сөз етті. Әсіресе, көпбалалы ана­лар­ға «Күміс алқа» төсбелгісін беру тәртібіне қатысты сұрақтар көптеп қойылды.

Бұдан басқа, кездесуге қатысу­шылар ауылдық жерлердегі мек­теп­терде жан басына қарай қар­жы­ландыруды енгізудің жөнсіздігіне, мұғалімдердің өндірістен қол үзбей, сырттай білім алуын қайта жан­дандыруға және басқа да көп­теген мәселелерге назар аударт­ты. Депутаттар тұрғындарды алаңдат­қан көптеген сауалдарға жауап беріп, басқа да ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарда пысықтау үшін жазбаша түрде Сенатқа жолдауды сұрады.

Сенаторлар Б.Әйтімова, Б.Жұмағұлов, Д.Нөкетаева, Н.Қылышбаев Алматы облысында Елбасының партия съезінде бел­гілеген әлеуметтік қолдау шара­ларының орындалуы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

https://aikyn.kz/files/2019/03/IMG_5798-640x480.jpg

Сенатор Б.Әйтімова өңір басшысы А.Баталовпен кездесу барысында сапардың негізгі мақсаты – тұр­ғын­дардың аудандық, облыстық немесе республикалық деңгейде шешілетін немесе қолданыстағы заңнамаға өзгерту енгізуді талап ететін мәселелерін айқындау еке­нін мәлім етті. Амандық Баталов облысты газ­бен қамтамасыз ету және «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жөніндегі депутаттардың сауалдарына жауап беріп, Текелі қаласының даму көрсеткіштері туралы баяндады. Ол қала тұрғын­дарын жұмыспен қамтуда «Суфф­ле» ашытқы шығару зауыты, шо­йын зауыты, тау-кен өңдеу кеше­ні сияқты кәсіпорындардың алатын орны туралы айтып берді.

Сенат депутаттары Р.Әкімов, Д.Әділбеков және Д.Құсдәулетов Ақмола облысындағы Астрахан ауданы, Петровка ауылындағы мек­теп пен медициналық орталық­тың қызметкерлерімен кездесті. Олар 2019 жылғы 1 шілдеден бас­тап бюджет саласы қызметкер­ле­рі­н­ің еңбекақысы 30 пайызға дейін көтерілетінін хабарлады.

Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 миллионнан астам мемлекеттік қызметкерді қамтиды. Мәселен, меди­цина саласындағы кіші буын­дағы қызметкерлердің еңбекақысы 65 мың теңгеге дейін, орта буын мамандарының еңбекақысы 100 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

https://aikyn.kz/files/2019/03/4-640x427.jpg

Сенаторлар М.Тағымов, М.Жұма­ғазиев пен А.Мұсаханов Ақтөбе облысында өңір әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті. Онда аймақтың қазіргі жағдайы мен оны әлеуметтік-экономи­ка­лық дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік және сала­лық бағдарламаларды іске асыру, жол инфрақұрылымын дамыту және аймақтың елдімекендерін аббаттандыру мәселелері де қоз­ғалды. Депутаттар «Мұра­гер-22» балық зауытын және «Грин­Капи­талҚазақстан» жылы­жай кешенін де аралады. Жалпы алғанда, ауыл-аймақ тұрғындары Елбасы тапсыр­ма­лары­ның уақытылы берілгенін білдіріп, алға қойылған барлық міндеттерді сапалы іске асыруға болатынына кәміл сенеді. Елдос СЕНБАЙ
https://aikyn.kz/2019/03/06/81741.html

Бөлісу