Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасы

11.04.2019 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚР Заң жобасы

28.02.19 ж., 12.03.19 ж., 14.03.19 ж., 18.03.19 ж., 19.03.19 ж., 26.03.19 ж., 27.03.19 ж., 1.04.19 ж. – жұмыс тобының отырыстары өткізілді.

2.04.19 ж. – Заң жобасы бойынша Комитеттің отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.

11.04..19 ж. – Заң жобасы екі оқылымда ҚР Парламенті Сенатымен қабылданды.

 Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

(1 оқылым)

 

Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мемлекеттік басқару моделін қайта қараудың маңызды қадамдарының бірі болып табылады.
Өз уақытында «Қазақстан-2030» Стратегиясында мемлекеттің мүмкіндігінде ғана болатын маңызды функцияларының бірнешеуін орындауға бағытталған ықшам үкіметті қалыптастыруға тапсырма белгіленген.
Мемлекеттік органдардың бәсекелес ортадағы функцияларын берудің құқықтық тетігі демократиялық институттарды дамыту үшін өте маңызды, өйткені мемлекеттік функцияларды беру тетігі тек басқару процесінің жаңа технологиясы ғана емес, сонымен бірге демократияның негізгі идеясының бірі – қоғамдық қатысушылардың демократиясын қамтамасыз ету - азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы болып табылады.
Заң жобасы азаматтарға өзін-өзі реттеу институтын дамыту арқылы басқарушылық шешімдерге қатысуға мүмкіндік береді. 
   Қаралып отырған заң жобасында мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің бес жолы ұсынылады: аутсорсинг арқылы; мемлекеттік тапсырма аясында; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жолымен; функцияларды пайдаланушылардың есебінен; міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу. 
Заң жобасы орталық және жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүзеге асыратын бәсекелес ортаға берілетін функциялардың мониторингін қамтамасыз етеді. Мониторинг нәтижелері бойынша бәсекелес ортаға берілген функцияның сапасыз орындалуы анықталған жағдайда, ондай функция кері қайтарылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында, заң жобасында мемлекеттiк орта білім беру ұйымдарында бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүлiктi жалдау (жалға алу) қызметтері қамтылады.

Құрметті әріптестер, Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертпелері мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Заң жобасы 2-ші сәуірде Комитеттің кеңейтілген отырысында бірінші оқылымда қаралды.

Баяндалғанды ескере отырып, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті, Сенат Регламентінің 58-ші тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

Назарларыңызға рақмет!

 

 

Бөлісу