Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау бойынша жұмыс тобының Солтүстік Қазақстан облысындағы көшпелі отырысына қатысты

31.05.2019 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау бойынша жұмыс тобының Солтүстік Қазақстан облысындағы

көшпелі отырысы

 

2019 жылғы 31 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау мақсатымен жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары: Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов, жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов, жұмыс тобының мүшелері – депутаттар Майра Арапқызы Айсина, Марат Дәрібекұлы Бопазов, Юрий Евгениевич Тимощенко, Парламент Сенатының депутаты Ерік Хамзаұлы Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Тілеуханұлы Майкенов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысты.

Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов ашып, жүргізді. Отырыста Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов сөз сөйледі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев баяндама жасады, Заң жобасының Парламент Мәжілісінде қаралу барысы туралы жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов айтып берді, көшпелі отырыстың тақырыбы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының директоры Худяков Сергей Герольдович сөз сөйледі.

Отырыс барысында тұрғын үй қорын басқарудағы Заң жобасының жаңалықтары, «бір үй – бір меншік иелерінің бірлестігі – бір есеп шот» моделін енгізу және пәтер иелерінің кооперативтерін басқарудың жаңа түріне ауыстыру, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қаражат жинақтау үшін «бір үй – бір есеп шот» тәсілі, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда тұрғындардың, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерді зерттеп, оларды жөндеу қажеттілігін шешетін тұрғын үй инспекциясының рөлін күшейту талқыланды. Сонымен қатар Заң жобасын талқылау барысында қойылған барлық сұрақтарға толық және нақты жауап берілді. Сондай-ақ Заң жобасын талқылау барысында болған нақтылаушы сипатқа ие ұсыныстар Заң жобасын қарастыру барысында есепке алынады.

Отырыстың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелерін қолдады.

Бөлісу