Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

МТРА. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы - жарқын болашаққа бастар жол

05.04.2018 0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы - жарқын болашаққа бастар жол

МТРА жаңалықтар Қоғам03-04-2018 19:54 Көрулер саны:3051



Жамбыл ауданында бүгінде 263 мемлекеттік қызметкер мен қоғамның аз қамтылған тобына кіретін жандар баспана алуға кезекте тұр. Былтыр осы санатқа енген жамбылдықтарға 2 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілген.



Жыл соңына таман елді-мекенде кезекті баспана халық игілігіне тапсырылмақ. Аудан активі алдында сөз алған сенатор Ерік Сұлтанов, Елбасының алғашқы бастамасы жергілікті жердегі құрылысқа да қарқын қосарына сенім білдірді.

Ерік Сұлтанов - ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


- Ұлт көшбасшысы тапсырғандай, "7-20-25" бағдарламасының шарапатын әрбір қазақстандық көруі тиіс. Ипотекалық несиенің жылдық мөлшерлемесі 14-16 пайыз емес, 7 пайыздан аспайтын болады. Шілде айында Ұлттық банктің қатысуымен еншілес компания құрылады. Ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында екінші деңгейлі 10 банк жаңа бағдарлама бойынша несилендіруді жүргізеді.

Осылайша алдағы жылдары Президент ұсынған бағдарлама шеңберінде көпқабатты баспаналардың құрылысы қарқын алып, жалдамалы пәтер жағалап жүргендердің жеке шаңырағына қолы жетпек. Жалақасы төмен қызметкерлердің салықтық жүктемесін азайтып, бизнес субъектілерін қолдау да маңызды құжат арқасында шешімін табады. "Екпін 2002" серіктестігінің басшысы Екпін Әбиев жерлестерін жұмыспен қамтып отырған аудандағы ірі кәсіпкердің бірі. Бизнес иесінің пайымынша, жұмысшылардың маңдай терімен тапқан жалақысынан жеке табыс салығын азайту - жан-жағынан қарағанда тиімді.

Екпін Әбиев - "Екпін 2002" ЖШС директоры:


- Бұл біздің кәсіпкерлікке, Қазақстан бойынша бізге жасалып отырған қолайлы жағдай. Елбасына осындай қолдауға рақмет. Жеке табыс салығы кәсіпкерден кетеді, ал зейнетақы адам жалақысынан кетеді. 02-50Егер кәсіпкерлер табысын тығып келсе, енді бәрі шығады.

Отырыста жоғарғы палата өкілдері шағын несие көлемінің артуы - ауылдағы кәсіпкерлік нысандарына да септесетінін айтуда. Мәселен, өткен жылы "Бастау Бизнес" бағдарламасына жүгінген 5 мың қазақстандық өз кәсібін бастай алмай, орта жолда тұралап қалған. Кәсіптен нәсіп табуға ынталы жамбылдықтар сондықтан, Президенттің төртінші бастамасына зор үміт артуда. Үстіміздегі жылы аудандық кәсіпкерлер 100 миллион теңгенің несиесіне арқа сүйей алады.

Олжас Әбілмәжінов - Жамбыл аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры:


- "Бастау бизнес" жобасымен жеке кәсібін ашудан ниетті аудан тұрғындары 1 ай көлемінде оқудан өтіп, ісін аз уақыттың ішінде бастай алады. Оған қоса арнайы курста оқитын азаматтарға шәкіртақы төлеу қарастырылған. Оқу барысында тәжірибесі толыспағандарға бизнес-жоспар құру мен ашқан кәсібін басқару жолдары қарапайым тілде түсіндіріледі.

Елбасының бастамасы жастарды заман сұранысына ие мамандықтарға оқытуды да көздейді. Ауданда жоғары оқу орындары мен колледждерде білім нәрімен сусындап жатқан 1270 студент бар. Тек өткен жылдың өзінде 30 жамбылдық түлек шекара асып, Ресей Федерациясының университеттеріне оқуға түскен.

Зейнолла Мәкенов - Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:


- Біз шекарада орын тепкен аудан болғандықтан, бізде Қорған, одан өзге облыстарға студенттер кетіп қалады. Ондағы ерекшелік - оқу құнының аздығы. Жатақхана жайы да шешілген. Осы орайда, Елбасы бастамасы студенттердің жағдайын түзетуге үлесін қосады.

Жиында сенаторлар солтүстік өңірлердің көгілдір отынмен қамтылатын күнінің де ауылы алыс еместігін жеткізді. 

 

Бахыт Садвокасов

Подробнее: 
http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/qogam/24074-pozitivnye-izmeneniya-prinesut-5-soczialnyx-inicziativ-prezidenta.html
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.mtrk.kz

 

Бөлісу