Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Занының жобасы бойынша қолдау сөзі

07.11.2019 0

Құрметті төраға,

құрметті әріптестер, шақырылғандар!

Еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру болып табылады.

Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимыл жасау процестерін цифрландыру мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын елеулі түрде арттыруға мүмкіндік берді.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Сингапур, Корея және Эстония мемлекеттері бұл тұрғыда үлкен жетістіктерге жетіп отыр.

2013 жылы қабылданған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң халыққа «бір терезе» режимінде мемлекеттік қызметтерді алу уақытын елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік берді, сондай-ақ қызметті ұсынушы мен өтініш берушінің өзара іс-қимыл жасауы кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етті.

2007 – 2019 жылдар ішінде көрсетілетін қызметтер саны бес есе өсті. Және қазіргі уақытта әртүрлі салалар бойынша 752 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Бұл Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін анықтады. Сонымен бірге, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасына халықтың қанағаттануы бір қатар сұрақтар туғызады.

Халық бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызмет көрсететін басқа органдардың жұмысына толық қанағаттанбайды.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимыл тетігі мен рәсімдерін жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін атап өткім келеді.

Мұның бәрі қарастырылып жатқан заң жобасы аясында мемлекеттік қызмет түрлерін кеңейту, сонымен қатар олардың сапасын жақсарту және оларды алуға қажетті құжаттардың тізімін қысқарту арқылы шешіледі.

Бұл үшін мен әріптестеріме - заң жобасының бастамашыларына алғыс айтамын.

Жалпы, мен бұл заң жобасын қолдаймын және әріптестерімді бірінші оқылымда қолдауға шақырамын.

Назарларынызға рақмет!

Бөлісу