Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенат депутаты Ерік Сұлтанов Түркістан облысында өткен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжам кестесін әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу жөнінде ядролық өнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы технологияларды дамыту мәселелері бойынша көшпелі отырысына қатысты.

21.10.2019 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжам кестесін әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу жөнінде ядролық өнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы технологияларды дамыту мәселелері бойынша 21-22 қазан аралығында Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізді.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков төрағалық еткен шараға сенаторлар Михаил Бортник, Мұратбай Жолдасбаев, Манап Көбенов, Әлімжан Құртаев, Еділ Мамытбеков, Ерік Сұлтанов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Отырыста кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту, экспортты қаржыландыру, жылыжай шаруашылықтарға арналған субсидияларды қайта бере бастау, ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген несие беру және басқа да өзекті мәселелер көтерілді.

Сенат депутаттары көшпелі отырыс аясында Түркістан облысының индустриялық аймағымен, оның ішінде «Борте Милка» тауарлы-сүт фермасымен, «Standard Petroleum &Co» мұнай өңдеу зауытымен, «Александровский-Сад» серіктестігімен және басқа да кәсіпорындармен танысты.

Бөлісу