Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор Е. Сұлтанов Уалиханов ауданына келіп, Кішкенекөл ауылының тұрғындарымен кездесті

13.01.2020 0

2020 жылы 13 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Е.Х.Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Б.Тасболатов, СҚО мәслихат хатшысы В.С.Бубенко Уәлиханов ауданына іс-сапармен келіп, Кішкенекөл №2 орта мектебінде аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде депутаттар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауынан кейінгі заң жобаларына енген өзгерістер, елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік төлемдер және міндетті әлеуметтік сақтандырудың тиімділігі туралы айтты.

Сонымен қатар, депутаттар тұрғындардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелердің шешілуіне барынша ат салысатынын жеткізді.

Бөлісу