Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Тағымов
Марат
Мырзағалиұлы

Ақтөбе облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

1952 жылы 7 қаңтарда туған, қазақ. Білімі жоғары. Қазақ химия-технология институтын бітірген, инженер, химик-технолог.

Ақтөбе қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Ақтөбе облыстық әкімшілігі аппаратының бөлім меңгерушісі, Мәртөк ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Алға ауданының әкімі, Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген.

Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және мерейтойлық медальдармен марапатталған.