Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатта мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланды

09.09.2019 0

Сенатта мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланды

 

Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен болатын.

Құрамына Сенат депутаттары, министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Қатысушылардың айтуынша, бүгінгі таңда жұмыс берушілердің еңбекақысын төмендету немесе мүгедектікті алғаннан кейін қызметкердің лауазымын төмендету үрдісі бар. Сондықтан жұмыс берушілерге қатысты заң нормаларын қатаңдату қажет.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға тікелей көмектесетін әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі бойынша мәселелер талқыланды. Әлеуметтік қызметкерлер жалақысы аз және білімі жоқ тұрмыстық көмекшілер ретінде қабылданатыны айтылды. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мұндай қызметкерлердің мәртебесін заңнамалық түрде анықтауды, біліктілігін арттыруға және жалақы мөлшерін қайта қарауға мүмкіндік беруді ұсынды.

"Бізде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жақсы заңдар бар. Бірақ осы заңдарды жауапты органдар жиі елемейтінін кездестіреміз. Біз барлық ұсыныстар мен бастамаларды жинайтын боламыз, тиісті органдарға құжат дайындаудамыз".

Жұмыс тобы ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жұмыс істейтін болады. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстарды келесі Turegaliyev@parlam.kz, Amanbayuly@parlam.kz электрондық мекенжайларына жіберуге болады.

 

Бөлісу