Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

2017 жылғы шілде-тамыз айлары

20.09.2017 0

2017 жылғы шілде-тамыз айларында Батыс Қазақстан облысына іс-сапардың шеңберінде депутат Н. Төреғалиев:

Зеленовск ауданы Павлов ауылында орналасқан су құбырының құрылысымен және медициналық пунктінің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Махамбет ауылында орналасқан «Алтын Болашақ», «Шунайбеков», «Шканов» шаруа қожалықтарының жұмыскерлерімен кездесті.

Теректі ауданы Подстепное, Новопавловка, Ақсуат елді мекендеріндегі әлеуметтік маңызы бар бірқатар объектілердің құрылыстарымен танысып өтті.

 

Қазталов ауданы Жалпақтал и Казталовка ауылдарында өтіп жатқан бірқатар құрылыстық жұмыстармен танысты. Осы ауданда ағымдағы жылы жалпы құны 4 миллиард теңгені құрайтын жобалар іске асырылуда. Соның ішінде, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша құрылып жатқан су құбыр жүйесі, бала бақша, 100 орындық интернат және 22 тұрғын үйлер бар. Маңызды объектілердің бірі - Чапаев-Жалпақтал-Казталовка автожолының құрылысы болып табылады. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерді көркейту жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

Сонымен қатар, Е. Мұқаев пен Н. Төреғалиев осы ауданның ардагерлерімен, аудандық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық ұйымдар мен бірқатар мекемелердің өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Депутаттар кезекті сессияның шеңберінде заң шығару жұмысының қорытындысы туралы, Мемлекет басшысының жылсайынғы Жолдауларын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндірді.

Бөлісу