Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жыл5ы 29 наурыздан 4 сәуір аралығында, БҚО

16.04.2018 0

Теректі, Зеленов аудандары, Батыс Қазақстан облысы, 31 наурыз және 2 сәуір 2018 жыл

Мұқаев Е.Р., Төреғалиев Н.Т.

 

Өңірлерге іс-сапар шеңберінде Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Теректі, Зеленов аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімдерінің, ауыл ақсақалдарының, аудандық мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңес мүшелерінің, жастар ұйымы өкілдерінің, мекеме, дербес бөлім басшыларының, ауыл тұрғындарының және БАҚ өкілдеріның қатыстуымен өткен аталмыш кездесулерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жан-жақты сөз болып, депутаттар жергілікті тұрғындарға бес бастаманы түсіндіріп, талқылады.

Атап айтқанда, сенаторлар әр бастаманың өз алдына экономикалық есебі жасалғаны мен түпкі нәтижесі екшелгенін айта отырып, жыл басында Елбасы дәстүрлі Жолдауы арқылы жаңа даму бағытымызды діттеген 10 негізгі басымдықты нақтыласа, ендігі бес әлеуметтік бастамасы өміршең міндеттерді алға тартуға бағытталғанын хабарлады.

Депутаттар тұрғындардың суалдарына жауап бере келе, шынымен, елімізде жыл сайын қанша жаңа пәтер тапсырылса да қажеттілік жеткілікті деңгейде өтелмей қалуы проблемасымен келісті. Тұрғын үй мәселесін шешудің халыққа тиімді шартын ұсынған бастаманың жуырда тұжырымдамасы қабылданатынын атай отырып, айлық табысы 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен жандарға салықтың мөлшерін азайту арқылы қолдау көрсету, жастардың жоғары білім алуына мемлекеттік грант санын арттыру, жатақхана мәселесіне мемлекеттік деңгейде екпін салу, шағын кәсіпке арналған несие көлемін ұлғайту және жаппай газдандыру үдерісі қоғамды келесі даму биігіне бастайтын қадамдар қабылданатынын түсіндірді.

Жалпылай алғанда, кездесулерде ауыл ақсақалдары Елбасының бастамаларына қолдау көрсете отырып, ауыл тұрғындарын толғандыратын сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Зеленов ауданы Мичурин ауылындағы кездесуде пікір алмасу барысында аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары ауыл-аймақты абаттандыруға қолдаудың аздығын, «7.20.25» бағдарламасын ауылда іске асыру қажеттігін, білім саласындағы ұстаздардың еңбек жүктемелерінің жүйесіздігін, мектеп оқушыларына бірыңғай киім үлгісін заңмен белгілеу керектігін алға тартты. Қойылған сұрақ, ұсыныс-пікірлерге сенаторлар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Сонымен бірге, іс-сапар шеңберінде депутаттар Теректі ауданы Подстепный елді мекеніндегі 2017 жылы іске қосылған мəдениет үйінің жəне Федоровка ауылындағы күрделі жөндеуден өткен аурухананың жұмыс барысымен танысты.

 

 

3 наурызда Орал қаласында Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев білім саласы қызметкерлерімен кездесті.

Депутаттар Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің бүгінгі ахуалымен танысып, өзекті мәселелерін қаперге алды.

Сондай-ақ, Орал қаласының Оқушылар сарайында өткен педагогтар құрамымен кездескен депутаттар Елбасының Парламент Палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты  Үндеуін ел-жұртқа түсіндіру мақсатында келгенін айтты.

Сенаторлар басты міндет – тұрғындарды баспанамен қамту екенін, бұл орайда елімізде көптеген бағдарламалардың сәтті жұмыс жасап тұрғанын, соның ішінде кешегі «7-20-25» бағдарламасының да халықтың тұрғын үйге деген мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталып отырғанын айтып өтті.

«Бес әлеуметтік бастаманың» ішінде үшінші бастаманың да маңызы зор. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесіне депутаттар ерекше тоқталды.

Ел бойынша 2018 – 2019 оқу жылында жоғары оқу орындарына 54 мың грант бөлінгенін, одан бөлек, Елбасының үндеуінен кейін 20 мың грант қосымша бөлініп отырғанын түсіндіре келе, оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтарға бағытталып отырғанына да назар аударылды.

 

Бөлісу