Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

2019 ж. наурыз

07.03.2019 0

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Е. Мұқаев пен Н. Төрегалиев Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданына барды.

Депутаттар Аңқаты ауылдық округінің активімен кездесу барысында сенаторлар ҚР Парламенті Сенатының 2018 жылғы заң жобаларын қарау қорытындыларымен бөлісті және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Nur Otan партиясының XVIII съезінде айтқан саясатының негізгі басымдықтары туралы айтты.

Аңқаты ауылдық округінің тұрғындары депутаттар алдында келесі өзекті мәселелерді көтерді: жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы бойынша ауылдық мұғалімдердің жалақысын көтеру, Аңқаты орта мектебін күрделі жөндеу.

Осы күні сенаторлар БҚО Теректі ауданының Шаған ауылдық округіне барды. Шаған ауылдық округінің тұрғындары депутаттарға Жаңа өмір ауылында мәдениет үйін салу мәселесімен жүгінді. Округ зейнеткерлері 1998 жылға дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлердің зейнетақы мөлшеріне назар аударуды сұрады. Көп балалы отбасылар көп балалы отбасыларға көмек көрсету тетігі бойынша түсініктеме беруді сұрады.

Парламент депутаттары кездесулерде көтерілген барлық проблемалық мәселелер ерекше бақылауға алынатынын атап өтті.

Парламентшілер сапарының келесі пункті - Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен кездесу өтті. Тасқала ауданының әкімі аудан қызметінің 2018 жылғы қорытындыларымен бөлісті. Өз сөзінде Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Н. Төрегалиев сайлаушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі аспектілері, көп балалы аналарды әлеуметтік қолдау шаралары, жастар саясатының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Сенаторлар сондай-ақ Тасқала аудандық ауруханасының жұмысымен танысты.

БҚО-да жұмыс сапарының соңғы кезеңі Сырым ауданының Бұлдырты және Алғабас ауылдарында болды. Тұрғындармен кездесу барысында сенаторлар Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын түсіндіріп, Парламент Сенатының заң шығару жұмысы туралы хабардар етті.

Аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, табысы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіруге, сондай-ақ өңірлік дамудағы жаңа міндеттерге ерекше назар аударылды.

 

Бөлісу