Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

6 қаңтар 2020 жыл

05.01.2020 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ербулат Мұқаев пен Нариман Төреғалиевтің БҚО-ға жұмыс сапары

 

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Е.Р. Мұқаев, Н.Турегалиев келген болатын. Жұмыс сапары барысында депутаттар қалалық көпсалалы ауруханасына барды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. Б. Шүкірғалиева, аурухана директоры А. Т. Қалыбеков аурухананы қарсы алды.

Депутаттарға МӘМС аясындағы аурухананың жұмысы, МӘМС жарналарын төлеу үшін белгіленген терминал, қазмед ақпараттық жүйесінің жұмысы сақтандырылған пациенттердің деректер базасының терезесі көрсетілді. Сондай-ақ сәулелік диагностика бөлімшелерінің жұмысымен, атап айтқанда МЖӘ аясында сатып алынған МРТ, КТ және ангиография кабинеттерімен танысты.

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев ЖО МӘМС енгізуге дайындығы аясында ШЖҚ "№5 Қалалық емхана"МКК-да болды.

Сапар барысында МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және пациенттердің мәртебесін анықтау жөніндегі тіркеу орнының жұмысымен танысты. СӨС кабинетінде, Парламент депутаттарына пациенттерді сәйкестендіру және сақтандырылған адамның мәртебесін анықтау, сондай-ақ біздің емхананың аумағында орналасқан мектептерде, балабақшаларда, сауда үйлерінде және т.б. әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барлық аспектілері туралы әрбір азаматқа дұрыс және толық ақпарат бере отырып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар көрсетілді.

СМЖ патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін өткізу, тәуекелдерді ерте анықтау, ата-аналарды оқыту, мультидисциплинарлық командада жұмыс жасау бойынша жұмыстар көрсетілді.

Сонымен қатар «денсаулықты басқару бағдарламасы» бойынша "Д" кабинеттің жұмысы ұсынылды, онда мейірбикенің өз бетінше қабылдауын жүргізеді, СӨС, өзін-өзі басқару күнделіктерін жүргізу бойынша пациенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жалпы, МӘМС жүйесінде жұмысқа дайындық бойынша жұмысты сенаторлар қанағаттанарлық деп бағалады.

 

«№5 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК жұмысымен танысып болған соң сенаторлармен бірге қалалық мәслихат хатшысы А. А. Әубәкіров, Зачаган ауылдық округінің әкімі А. Ж. Қадыров Орал қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №10 жалпы білім беретін мектепке барып қайтты. Мектеп 1200 балаға есептелген, бірақ қазіргі уақытта 2862 оқушы оқиды. «Құс фабрикасы» ауданынан 809 оқушы тасымалданады. Депутаттар мектептің спорт залына, хореография залына барды, үйірмелердің жұмысымен танысты. Кездесу соңында қонақтар оқу - тәрбие жұмыстары талаптарға сай жүргізіліп, оқушылардың қызығушылығын дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалғаны үшін алғыстарын білдірді.

Кездесу барысында Сенат депутаттары «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңның қабылдануы - мұғалімдердің беделі мен еңбегін арттыруға үлкен жол екенін түсіндірді. Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жалақы өсуде.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен және көп балалы аналармен атаулы әлеуметтік көмек пен көп балалы 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында оқитын студенттері бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы жаңа форматының мәселелерін түсіндіру және талқылау бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңыздылығы, балаларға арналған жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалатыны туралы түсініктеме берді. Көп балалы аналарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

Бөлісу