Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Бекназаров
Нұрлан
Құдиярұлы


1964 жылы 12 маусымда туған, қазақ.

Білімі-жоғары, Инженер - құрылысшы; Инженер - экономист; Экономист - қаржыгер; Заңгер.

1984-1992 жылдары Шымкент қ. Қажымұқан атын. Орталық стадионында әдіскер, инженер, бас инженер, директордың орынбасары, директоры.

1992-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру фирмасының облыстық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі басқарманың бастығы, бас директорының бірінші орынбасары.

1996-2003 жылдары "Сенім" ЖАҚ, "Санур" ЖШС, "Трансойл" АҚ филиалдары директорының орынбасары, вице-президенті.

1999-2016 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының II, III, IV, V, VІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды.

2003-2008 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының тексеру комиссиясының екі шақырылымының төрағасы.

2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының үш шақырылымның хатшысы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

 

Марапатталды:

1. "Қазақстан Республикасының "Құрмет" ордені"

2. "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі.

3. "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалі.

4. "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалі.

5. "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалі.

6. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалі.

7. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалі. 

8. "Қазақстан Республикасының маслихатына 20 жыл" мерейтойлық медалі.

9. "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрметті депутаты" атағы берілді.

 

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.