Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшесі ретінде қатысып, бірнеше мәселелер бойынша сауалдар мен ұсыныстар айтты

26.11.2019 0

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н. Бекназаров қатысып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлердің бюджетінің тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы шеңберінде проблемалық мәселелерді көтеріп, біраз сауалдар қойды:

          1. Ауылдық округтердің кіріс базасының болжанып отырған кеңеюіне байланысты Ауылдық округ әкімдеріне қосымша функцияларды беру туралы.

  2. Ауылдық округтер деңгейіне берілген кіріс өкілеттілігі, яғни айтарлықтай қаржылық шығындарды талап ететін шығыс өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін, атап айтқанда, жолдарды салу және қайта жаңарту не елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін салықтық және салықтық емес төлемдер бойынша түсімдер жеткіліктілігі туралы.

   3. 2017 жылғы шілдеде қабылданған заңнамалық новеллалардың орындалуына мониторинг жасау, сондай-ақ ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің 19 шығыс өкілеттіктерін іс жүзінде іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау үшін қаржы-экономикалық есептер жүргізілуі және деректерді әзірлеу кезінде қаралатын тұжырымдамасының ескерілуіне қатысты.

Сонымен қатар, қазіргі таңда жергілікті жерлерде (мысалы, сумен жабдықтау, жолдарды қайта жаңарту) жоғарыда аталған мәселелерді шешу жөніндегі проблемалар көп жылдардан бері бар және олардың барлығы республикалық бюджет деңгейінде қаржыландырған кезеңдеде шешілмегенін атап өтті.   

 

Бөлісу