Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларын талқылау бойынша Сенат отырысында қолдау баяндама жасады

25.11.2019 0

 Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

Құрметті әріптестер!

Бүгін, талқыланып отырған еліміз үшін маңызды қаржы құжаты – үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы негізгінен әлеуметтік, инфрақұрылымдық, қорғаныс және қоғамдық тәртіп, өндіріс салаларын қаржыландыруға бағытталған.

Сонымен қатар, барлық деңгейлерінде технологиялық жаңғыртуды және цифрландыруды қаржыландыру жалғасын тапты.

Оның ішінде, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары Комитетінің салалық мәселелері болып табылатын құқық қорғау және қоғамдық қауіпсіздік саласына 1,4 триллион теңге, құқық қорғау жүйесін реформалауды жалғастыруға 173 миллиард теңге, сот жүйесін одан әрі жаңғырту, сондай-ақ мемлекет қызметін құқықтық қолдауы үшін 317 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

Сондай-ақ, Парламент қабырғасында көтерілген бірқатар мәселелер өз шешімін тапты. Мәселен, «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын жүзеге асыру аясында «Тұлғаның биометриялық сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіне 14 миллиард теңге бөлінді.

Негізінен бұл заң жобасы Мемлекет басшылығының бастамаларымен берілген тапсырмаларын орындауға және ел экономикасын одан әрі дамытуға бағытталған.

Бюджет жобасын толығымен қолдаймын және әріптестерімді де қолдауға шақырамын.

Сонымен бірге, Үкімет назарын бірнеше өзекті мәселелерге  аударғым келеді.

1) Парламент жыл сайын бюджетті жоспарлау мен атқарылуы бойынша лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін заңға енгізу мәселесін көтеріп, нәтижесінде қазіргі уақытта Сенаттың қарауындағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске түзетулер енгізу туралы» заң жобасының аясында осы мәселе шешімін табатын болады. Бірақ заң жобасындағы ұсынылып отырған толықтыруға қатысты редакция түпкі мақсатты толық қамтымайды.

Сондықтан да, Құрметті  әріптестер осы толықтыруды нақтылау және күшейту бағытында Үкіметпен бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынамын.

2) Үш жылдық бюджетті бекіту немесе оған нақтылау мен түзетулер еңгізу кезінде әрдайым жұмыс топтары және комитеттерде қаралғанда жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерді сапалы даярлау және оны уәкілетті органға уақытылы ұсыну бойынша бірқатар кемшіліктер орын алуда. Мәселен, өңірлерде бюджеттік өтінімдерді даярлау барысында әлеуметтік маңызы жоғары мәселелер тыс қалып, оның орнына басымдылығы төмен жобалар, тек құжаттарының дұрыстығы арқасында қаржыландыруға ие болу фактілері бар. Осы мәселені Үкімет назарына алып, жергілікті органдармен басымдылығы бар жобаларды бірінші кезекті даярлау бойынша жұмыс атқару қажет деп есептеймін.

3) Сонымен қатар, Сенат басшылығымен жиі көтерілетін мәселе жергілікті өкілетті орган -мәслихаттардың рөлін күшейтуге тоқталғым келіп отыр. Заңменен мәслихаттарға әкімшілік – аумақтық құрылысының әлеуметтік – экономикалық дамуына қатысты шешімдерді, оның ішінде бюджетті қарап бекіту және орындалуы бойынша әкімдіктің есебін алу құзіреті бекітілген.

Алайда, іс жүзінде аймақтарда аталған заң талаптары толық орындалмайды.

Сондықтан, маслихаттардың жергілікті бюджетті қалыптастыруда белсенділігін арттыру, бюджет жобаларын қарау барысында әкімдіктердің ықпал етуін азайту, сондай-ақ жергілікті халықтың мұң-мұқтажын және өзі сайланған аймақтың ерекшіліктерін жақсы білетін депутаттардың ұсыныстарына айрықша мән беру керек деп есептеймін.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу