Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасын қолдау туралы пленарлық отырыстағы баяндамасы

17.01.2019 0

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі Сенат отырысының қарауындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, қосымша баяндамашы атап өткендей, тараптардың аумағында азаматтардың болуы мәселесін құқықтық реттеуге мүмкіндік береді.

Келісімнің мақсаты бірыңғай көші-қон аумағын құру және еңбек мигранттарының жүріп тұруын жеңілдету болып табылады. Келісім бойынша азаматтардың екі Тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз болуын және тіркелген жағдайда 90 күнге дейін болуын көздейді.

Қазіргі таңда екі елдің арасында шамамен 80 шарт пен келісімдер жасасқан.

Келісімді ратификациялау мемлекетаралық қарым-қатынастың, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Құрметті әріптестер! Сіздерді заң жобасын қолдауға шақырамын.

Рахмет!

Бөлісу