Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» және «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларын бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

26.03.2019 0

 

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

 

Сіздердің қарауыңызға еліміздің негізгі қаржы құ­жаттары – «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»   және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобалары ұсынылып отыр.

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»   Заң жобасы 2019-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының нақтылауына байланысты әзірленген, сонымен қатар Елбасының «Нұр отан» партиясының XVIII съезсъезінде айтылған тапсырмаларын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыруға, қабылданған міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2019 жылға арналған республикалық бюджетте мынадай қосымша шығыстар көзделген:

- азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар, оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмек, Мүгедектігі бойынша жәрдемақыларды 30% арттыру, Бюджет саласының табысы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыру

- аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалға берілтін тұрғын үй салу жұмыстарына;

- әлеуметтік кредиттік тұрғын үй қамтамасыз етуге

- өңірлік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде: жергілікті жолдар желісін дамыту, ірі қалалардың шеттеріндегі проблемаларды шешу, шағын және моноқалаларды дамыту, су және газбен жабдықтау, денсаулық сақтау.

Ал, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»  Заң жобасының мақсаты  -  Ұлтттық қордан кепілдендірілген трасферттің мөлшерін 250 миллиард теңгеге өсіру болып табылады. Заң жобасымен енгізілген өзгерістер, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейтуге, жастарды қолдауға, жұмыспен қамтуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге, өңірлердің инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған «Нұр отан» партиясының XVIII съезсъезіндегі Елбасының тапсырмаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Заң жобалары бойынша заң бастамашыларымен жұмыстар жасалынып жан-жақты зерделенді және қажет болған сұрақтарға жауаптар алынды.

Баяндалғанның негізінде, заң жобаларын  қолдап, бас комитетке ескертпесіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

Бөлісу