Қайрат
Пернешұлы
2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын оқып бітірді.
1987 жылы А.Жданов атындағы Ленинградтық мемлекеттік университетін «заңгер» біліктілігімен бітірді.
1987 – 1996 жылдар аралығында прокуратура органдарында қызмет етті.
1996 – 1999 жылдар аралығында кеден органдарында қызмет етті.
1999 – 2001 жылдар аралығында салық полициясы органдарында қызмет етті.
2001 – 2012 жылдар аралығында қаржы полициясы органдарында қызмет етті
2004 – 2007 жылдар аралығында – Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің (қаржы полициясы) бастығы болды.
2007 – 2008 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары болды.
2008 – 2012 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) Төрағасы қызметін атқарған.
Қаржы полициясының генерал-майоры (2007 жыл)
2012 – 2013 жылдар аралығында – Ақмола облысының әкімі.
2013 – 2014 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2014 – 2015 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы.
2015 – 2016 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттың бюросының Төрағасы.
2016 – 2017 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы.
2017 – 2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.
Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:
I дәрежелі «Данқ» ордені (2014 ж.)
II дәрежелі «Данқ» ордені (2006 ж.)
Мерейтойлық медальдар
Ведомстволық медальдар
«Қазақстан Республикасы прокуратурасының үздік тергеушісі» (1992 ж.)