Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Женева қаласындағы отырысына қатысу

07.11.2019 0

       2019 жылғы 7 қарашада сенатор Қ.П.Қожамжаров Женева қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап мерзімді шолу рәсімі шеңберінде делегация құрамында адамның құқықтары және бостандықтары жөніндегі Қазақстанның үшінші ұлттық баяндамасын қорғауға қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, әділет, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, ұлттық экономика министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері, Мәжіліс  депутаты кірді.

Негізгі баяндамамен қазақстандық делегация басшысы, Әділет министрі сөз сөйледі, ол Әмбебап мерзімді шолу рәсімінің адамдар құқығы саласындағы міндеттемелерді орындау бойынша, оның ішінде халықаралық  стандарттарды және БҰҰ-ның мүше-мемлекеттері практикаларын қолдау бойынша мемлекеттің сыртқы бағалау құралы ретінде маңыздығын атап өтті.

Жалпы, Қазақстан 2014 жылғы екінші Ұлттық баяндаманың ұсынымдарын орындау бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді.

БҰҰ Кеңесі еліміздегі Үкіметтің қоғамға көбірек есеп берушілігін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан саясат, сот және құқық жүйелерін жаңғырту, балалар мен әйелдерді қорғауды, сондай-ақ конфессияаралық келісімді және құрметтеуді нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар  туралы  ақпараттандырылды.

БҰҰ-ның мүше-мемлекеттері тарапынан диалог барысында қазақстандық делегацияның жоғары деңгейі, диалог пен ынтымақтастыққа ашықтығы және дайындығы, адам құқығын қорғау және қолдау саласында Қазақстанның қол жеткізген прогресі атап өтілді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап мерзімді шолу рәсімінің болып өткен жалпы отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанға бірқатар жаңа ұсынымдар берілді, олар ҚР Әділет министрлігінде пысықталуда.

Сонымен бірге, Қазақстан Үкіметінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ауысуы, сондай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы оң аталып өтілді.

Бөлісу