Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Жамбыл облысының кәсіподақ ұйымының басшылығымен және мүшелерімен кездесу

09.01.2020 0

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Қожамжаров облыстық кәсіподақ ұйымының басшылығы және мүшелерімен кездесті.

Кездесуге облыс әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Орынбеков қатысты. Жиында облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген баяндама жасап, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, орамды ой-ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуде ұжымдық шарттар, жұмысшылар қауіпсіздігі, еңбек адамын қорғау, шағын кәсіпкерлікті қолдау, жалақы мәселелері көтеріліп, талқыға түсті.

Бүгінгі таңда облыстық кәсіподақтар бірлестігінің 120 мыңнан астам мүшесі бар екендігі және аймақтағы 15 салалық кәсіподақ ұйымдарындағы 1300-ден астам бастауыш ұйымы жұмыс жасап келе жатқаны кездесуде баяндалды.

Бөлісу