Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Дүйсембаев
Ғұмар
Ислямұлы

2017 жылдан бері Атырау облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.

 

1956 жылы 17 қазанда тұған, қазақ, білімі жоғары. Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын  заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. 

Батыс Қазақстан облысының Бүрлі ауданының Құрметті азаматы.

 

Еңбек жолын Ақтөбе облысының Хобда ауданының Калинин атындағы  колхозда  техникалық-қауіпсіздік  инженері болып бастады.  Батыс Қазақстан облысы Победа колхозының бас инженері, Красный маяк колхозының төрағасы, Бөрлі ауданының әкімі, Батыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімінің бірінші орынбасары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.


Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.