Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстанның батысындағы алғашқы ашылған «Caspiy Lana Atyrau» түйе және қой жүнін өңдеу және тоқыма фабрикасы презентациясында Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ғ. Дүйсембаев сөз сөйледі

26.01.2018 0

ҚР Парламенті Сенатының  депутаты

Ғ. Дүйсембаевтың  сөйлейтін сөзінің жобасы

26.01.2018ж.

 

Құрметті жиынға қатысушылар, шақырылғандар!

Өздеріңізге белгілі  биылғы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев қазақстан халқына

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын жариялады. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне  өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігі мақсатында 10 басты міндеттер айқындады.

         Соның ішіндегі   - ҮШІНШІі мақсатында Елбасы  «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» тақырыбында 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығыөнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды.

Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керектігін айтты.

 

 Ол үшін  шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды..

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.

Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.

         Осындай үлкен мақсатты қолдау бағытында бүгін алдарыңызда

Қазақстанның батысындағы алғашқы ашылған  «Caspiy Lana Atyrau» түйе және қой жүнін өңдеу және тоқыма фабрикасы ұжымының  жетістіктері мен проблемаларын талқылап, отандық өнім шығарушы фабрикаға қандай көмек көрсете алу жолдарын айтсақ болар.

 

Бөлісу