Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

2018 жылғы 14 ақпанда сенатор Ғ. Дүйсембаев жыл сайын өтетін "Теңізшевройл" ЖШС-нің басшыларымен кездесуге қатысты

15.02.2018 0

 

 

Тендер алдындағы рәсімдерді өткізу мәселесі бойынша.

 

Аймақтың  мұнай-газ саласына қызмет көрсететін жергілікті  бизнес субъектілеріне шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында, сол  арқылы жалпы облыстың экономикасын дамытуға жағдай жасау үшін «Теңізшевройл» ЖШС-ы өткізетін сатып алу конкурстарына қатысуға  мүмкіндік тудырылса.

Осыған орай, отандық компанияларды қолдау мақсатында  «ТШО» өткізетін тендерлердің талаптарын қарапайымландыру қажет. Сонымен қатар өз тарапымнан келесідей шешім ұсынғанды жөн деп ойлаймын Тендер қорытындысы бойынша тендерді жеңіп алған заңды тұлға міндетті түрде белгілі бір мөлшерін (20-30%) жергілікті компанияға  қосалқы мердігерлікке берсе оңды болар деп санаймын және ұтқан компаниялар жұмысшыларға жалақысын өте төмен төлейді.

           Шағын бизнесті  қолдау мақсатында қаражат (қайтарымды негізде) қаражат (шағын несиелеу құралы арқылы) бөлу мәселесі.

 

Елбасының  шағын және орта бизнесті дамытудағы  саясатына сәйкес, 2013 жылдан бастап шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында, соның ішінде ауыл кәсіпкерлерін қолдау үшін жергілікті бюджеттен  1,7 млрд.теңге қаражат бөлініп, әр түрлі салада 274 жоба қолдау алып, 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды..

Өз тарапынан «Теңізшевройл» ЖШС-і 2016-2017 жылдары әлеуметтік шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Атырау қаласы және Құлсары моноқаласының кәсіпкерлері үшін «Теңізшевройл» ЖШС-і пайызсыз қаражат бөлді. Осы жылдан бастап  «Теңізшевройл» ЖШС-і қаражат бөлу мәселесін қарастырған жағдайда облысымыздың барлық аудандары бизнес субъектілері үшін қайтарымды негізде (пайызсыз несие) жеңілдік микрокредит беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын.

Бөлісу