Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономика» тақырыбында XII Астана экономикалық форум аясында тұрақты даму бойынша бірінші қазақстандық Форум жұмысына Ғ. Дүйсембаев қатысты. Форумда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин алғы сөз сөйледі.

17.05.2019 0

Ұйымдастырушылар: Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрлігі, Экономикалық зерттеулер институты, БҰҰ Агенттігі, Азия даму банкі

2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2030 жылға дейінгі кезеңге Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады, ол тұрақты даму саласындағы 17 мақсатты (ТДМ) қамтиды. БҰҰ басқа мүше мемлекеттері сияқты Қазақстан өзінің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін анықтады. 2018 жылы БҰҰ Агенттіктерінің және Азия даму банкінің жәрдемдесуімен Қазақстан 2030 жылға арналған ТДМ мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін институтционалдық архитектураны, оның ішінде, Үйлестіру кеңесін, бес жұмыс тобын (адамдар, жер, көркею, әлем, серіктестік) және үйлестіру кеңесін енгізді. Қазақстанның ұлттық тәсілі және ТДМ саласындағы жетістіктер 2019 жылғы шілдеде БҰҰ Ассамблеясында Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық есеп нысанында ұсынылады. ТДМ қол жеткізуде алдынғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерттеу үшін Қазақстанға Үкімет пен халықаралық сарапшылар арасында белсенді серіктестікті және тәжірибемен алмасуды қамтамасыз ету қажет. «ТДМ қол жеткізу бойынша Алғашқы қазақстандық форум» Үкіметтің, іскерлік ортаның сарапшыларын, дамыту жөніндегі серіктестерді және тұрақты дамуға жәрдемдесетін танымал тұлғалардың басын бір алаңда қосады. Спикерлер ТДМ күн тәртібінде прогреске қол жеткізу үшін Қазақстан үшін практикалық шешімдер ұсынады. 2019 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форумда талқыланатын алты Мақсат осы шараның басты назарында болмақ (4 ТДМ: Сапалы білім; 8 ТДМ: Адал жұмыс және экономикалық өсу; 10 ТДМ: Теңсіздіктің азаюы; 13 ТДМ: Климаттың өзгеруімен күрес жүргізу; 16 ТДМ: Әділдік әлемі және тиімді институттар және 17 ТДМ: Мақсаттарға қол жеткізудегі серіктестік).

Мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарын терең түсінуге және олардың Қазақстан мен Орталық Азияның (ОА) басқа елдерінің экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына үлесіне жәрдемдесу және 2030 жылға дейінгі жаһандық күн тәртібін ұлттандыруды одан әрі ілгерілету бойынша Қазақстан Үкімет үшін бірқатар ұсынымдар әзірлеу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Әлеуметтік даму

  • Қазақстан үшін 2030 жылға қарай ТДМ қол жеткізуде қандай салалар маңызды болып келеді?
  • Үкіметтер мен халықаралық ұйымдар ТДМ қалай қаржыландыра алады?
  • Қазақстанда және ОА басқа елдерінде ТДМ бизнесі үшін қандай негізгі мүмкіндіктер бар?
  • Сіз қандай салаларда Мақсаттар арасында синергияны байқайсыз?
  • Қазақстанда ТДМ шоғырландырудың негізгі мәселелері қандай?
  • Қандай салалардағы ТДМ Орталық Азияда аймақтандырыла алады?
  • ТДМ насихаттау қаншалықты маңызды?
  • Қазақстанныңдамустратегиясындаешкімдіарттақалдырмауқаншалықтымаңызды?

Экономикалық өсу

  • ТДМ ұзақ мерзімді әлеуметтік даму стратегияларында қалай көрініс табады?
  • ТДМ-ның әлеуметтік дамуға қосатын үлесін өлшеудегі ең маңызды көрсеткіштер қандай?
  • Тұрақты бизнес әлеуметтік дамуға қалай жәрдемдесе алады?
  • ТДМ іске асыруға қатысатын және әлеуметтік дамуға жәрдемдесетін бизнестің нақты мысалын сипаттай аласыз ба?
  • ТДМ іске асыруға қатысатын және әлеуметтік дамуға жәрдемдесетін бизнеске инвестициялау қаншалықты тиімді?

Сәлемдесу сөзі:

  • Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • Армида Салсия Алишахбана ханым, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) атқарушы хатшысы

Сессия 1. ТДМ жетістігіндегі ұлттық, аймақтық және жаһандық үлес

Модератор:

  • Джеффри Сакс,Колумбия университетінің Тұрақты даму мәселелері жөніндегі орталықтың директоры, профессор

Спикерлер:

  • Армида Салсия Алишахбана ханым, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) атқарушы хатшысы
  • Шиксин Чен, АДБ вице-президенті
  • Жак Аттали, француз экономисті, жазушы және саяси қайраткер
  • Хуан Мануэль Сантос, Колумбия Президенті (2010-2018), 2016 жылы бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты

Cессия 2. ТДМ тұрақты экономикалық өсуге қалай жәрдемдеседі?

Модератор:

  • Рақым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Спикерлер:

  • Мирьяна Эггер ханым, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің ассистенті, Еуропа және ТМД үшін Өңірлік бюроның директоры
  • Татьяна Немцан, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасы
  • Хойкур Хардарсон, Arctic Green Energy Corporation негізін қалаушы және Басқарма төрағасы
  • Динара Сейітжапарова, Қаржы директоры, Алматы халықаралық әуежайы

Cессия 3. ТДМ әлеуметтік дамуға қалай жәрдемдеседі?

Модератор:

  • Ерлік Қаражан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • Оса Регнер, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, «БҰҰ-әйелдер» құрылымының атқарушы директорының орынбасары
  • Алаа Мурабит ханым, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) елшісі
  • Сусанна Айрапетян, Дүниежүзілік банкінің Орта Азиядағы адами капитал жөніндегі бағдарламалар жетекшісі
  • Асет Ахмадиев, «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының бірлескен негізін қалаушысы

 

Бөлісу