Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Ғ. Дүйсембаев 2019 жылдың 2-9 қазанында Марракеш қаласында (Марокко) іссапарда болды.

08.10.2019 0

 

Сенат депутаттары Ғ. Дүйсембаев пен Т. Мұқашев  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Марракеште (Марроко) өткен күзгі сессиясына қатысты.

57 елдің парламентшілері қатысқан Ассамблея сессиясының негізгі тақырыбы Жерорта теңізі аймағындағы қауіпсіздікті күшейту жолдарын, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен ЕҚЫҰ кеңістігіндегі экологиялық көші-қон мәселелерін талқылауға арналды.

  Ассамблея аясында сенаторлар Т.Мұқашев пен Ғ.Дүйсембаев ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Георгий Церетелимен, Мароккодағы Көші-қон халықаралық ұйымы бюросы директорының орынбасары Тереза Ботелламен, американдық сенатор Роджер Уикермен және Мысыр, Марокко, Ресей, Тәжікстан мен Түркияның депутаттарымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесу барысында Ассамблеяның күн тәртібі, сондай-ақ био алуантүрлілік пен экология мәселелеріне қатысты пікір алмасу болды.

Бөлісу